Етектен тартқан жобалар индустрияландыруға тосқауыл бола алмады

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
2739

МИИДБ-ның "тоқтап" тұрған жобаларының бір бөлігі жұмысын бастады.

Етектен тартқан жобалар индустрияландыруға тосқауыл бола алмады

Инвестициялар және даму министрлігі мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында құрылып, "тоқтап тұрған" 72 жобаның мәселесін біртіндеп шешуде. Үкімет отырысында ведомства басшысы Жеңіс Қасымбек айтқандай, сиырқұйымшақтанып кеткен мұндай жобалардың жұмысы ерекше бақылауда.

"Осы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша 40 жобаның немесе 56%-ының мәселесі шешілді. Қазір олар 50%-дық және одан да көп жүктемемен тұрақты жұмыс істеп тұр. 13 жоба (18%) 50%-ға дейін жүктелді. Аталған жобалардың жүктемесін арттыру бойынша әкімдіктермен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде. Сегіз жоба (11%) тоқтап тұр. 11 жобаны арықарай жүзеге асырудан бас тартылды", – деді сообщил министр.

Бұған дейін ел перзиденті Нұрсұлтан Назарбаев аталған проблемалық жобалар бойынша үкіметтің индустриялық даму бағытындағы жұмысын сынға алған болатын. Аталған 72 жобаның жүзеге асырылуына 150 млрд теңге жұмсалды. Алайда олардың бәрі жұмыс істемейтін болып шықты.  

Министр атап өткендей, қазір бірде-бір жоба назардан тыс қалмайды. Әрбір жоба бойына арнайы жол картасы қабылданған. Ал кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген. Атап айтқанда, инвесторлар іздеу, жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар жасау, екінші деңгейлі банктер арқылы несиелеу, өңірлердегі кәсіпорындарға өнімдерді сатуға жәрдемдесу.

Жалпы алғанда индустриялық дамудың қарқыны жақсы. Осы жылдың тоғыз айында өнеркәсіптік өндірістің көлемі 6,5 трлн теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға артқан. Фармацевтика (+36,1%), жеңіл өнеркәсіп (+9,6%), машина құрастыру (+6%), мұнай өңдеу (+5,8), тамақ өнімдерін өндіру (+5,3) және химия өнеркәсібі (+4,2%) салаларында өсім байқалады.

Өзекті мәселелердің бірі – қайта өңдеу өнеркәсібінің экспорты ұлғайды. Бұл сектордың экспорттағы үлесі сегіз айда 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,1%-ға артып, 9,9 млрд долларды құрады. Бұл орайда агрохимия (+72,1%), мұңай өңдеу (+67%) және қара металлургия (+61,8%) айтарлықтай табыс әкелді.

"Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуы өнеркәсіп пен экономика құрылымының өзгеруіне әсер етті. Мәселен, қайта өңдеу секторының экономиканың дамуына қосқан үлесі 2015 жылғы 10,1%-дан 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 11,9%-ға дейін ұлғайды. Ал өнеркәсіп секторындағы үлесі 2010 жылғы 31,8%-дан 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 40,7%-ға дейін артты. Қайта өңдеу секторының экспорттағы үлесі де айтарлықтай өсті. 2010 жылы бұл көрсеткіш 27,9%-ды құраса, 2017 жылдың сегіз айында аталған көрсеткіш 32,7%-ға дейін ұлғайды", – деді Жеңіс Қасымбек.

Бұл ретте қайта өңдеу секторы инвесторлардың қызығушылығын тудырып отыр. Сегіз айда бұл салаға 26 млрд доллардан астам тікелей шетел инвестициясы тартылған. 2016 жылдың қорытындысы бойынша қайта өңдеу өнеркәсібінің инвестициядағы үлесі 19,5%-ға дейін өскен. 2005-2009 жылдары тікелей шетел инвестициясының жалпы ағынының шамамен 8,5%-ы қайта өңдеу секторына тиесілі еді. Биыл да өсім байқалады. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында қайта өңдеу өнеркәсібінің тікелей шетел инвестициясындағы үлесі 22,8%-ға дейін артқан.

Сондай-ақ министр атап өткендей, жеті жыл ішінде (индустрияландырудың аяқталған бірінші бес жылдығы мен қазір жалғасып келе жатқан екінші бес жылдығы) 5,5 трлн теңгеге 1080 жоба іске қосылған. 101 мың тұрақты жұмыс орны құрылған. 2017 жылдың тоғыз айында 800 млрд теңгеге 52 жоба пайдалануға берілген. 4,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылған. 2017 жылдың соңына дейін өңірлерде жалпы құны 700 млрд теңгеден астам қаржыны құрайтын 80-нен астам жобаны аяқтау жоспарлануда. Шамамен 10 мыңдай тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. 

"6 желтоқсанда Индустрияландыру күні шеңберінде осы жылдағы индустрияландырудың қорытындысын шығарамыз. Телекөпір аясында жалпы құны 399 млрд теңгеге 18 жобаны іске қосу жоспарлануда", – деді министр.

Еркебұлан Қыздарбек, Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу