Инфляция 0,1 пайызға өсті

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
1997

Жеті ай ішінде еліміздегі инфляция деңгейі  3,8%-ға жетіп, бір айда жүзден бір пайызға ұлғайды.  

Инфляция 0,1 пайызға өсті

Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, инфляцияның жалпы құрылымында азық-түлік тауары көш бастап тұр. 2017 жылдың қаңтар-шілде аралығында  азық-түлік бағасы 4,6%-ға артқан, ал азық-түлік емес тауарлар 3,5%-ға, ақылы қызметтер 3,3%-ға  қымбаттаған.

2016 жылдың желтоқсаны мен 2017 жылдың шілдесі аралығында ең қымбаттаған тауар картоп. Картоп бағасы 47,4%-ға өскен. Алайда шілде айынан бастап картоп бағасының өсуі тоқтады (салыстырмалы түрде айтатын болсақ, жарты жыл ішінде картоп бағасы 77,3%-ға өскен). Қой еті жеті ай ішінде 11,5%-ға, сиыр еті 10%-ға, жаңа піскен көкөністер 9,1%-ға, жаңа піскен жеміс-жидек, консервіленген сүт, кондитерлік өнімдер  4,9%-ға қымбаттаған.

Ал жеті ай ішінде қияр бағасы 69,3%-ға, қызанақ 45%-ға, жұмыртқа 29,2%-ға, қарақұмық 16,4%-ға, сұйық май 9,7%-ға, тәтті бұрыш 6,3%-ға арзандаған.

Азық-түлік емес тауарлар құрылымында автокөлік, шыны және қыш бұйымдар бағасы 5,3%-ға, тоқыма бұйымдар 3,8%-ға, газет, кітап және кеңсе тауарлары 3,6%-ға, тұрмыстық заттар 3,2%-ға, жеке бас тұтынуына арналған тауарлар 3,1%-ға өскен. Фармацевтикалық өнім мен құрылыс материалдары 3%-ға қымбаттаған. Баллондағы сұйытылған газ 7,7%-ға, дизельдік отын 7,4%-ға, бензин 5,1%-ға қымбаттаған.

Шипажайлардағы қызмет көрсету бағасы 9,4%-ға, құқықтық қызмет көрсету 7%-ға, жеке көлікті сақтандыру 6,8%-ға, денсаулық сақтау қызметі, экскурссия мен демалыс 4,9%-ға, демалу, ойын-сауық 2,8%-ға,  қоғамдық тамақтану 2,6%-ға өскен. Қала ішінде жүретін автобустардың жолақысы 4,2%-ға, қалааралық автобустар 4,4%-ға, әуе көлігімен жүру 16,9%-ға қымбаттаған, ал теміржол билеті 0,3%-ға арзандаған.

Тұрғын үй –коммуналдық қызмет көрсету саласындағы кәріз тарифі 9,6%-ға, орталық жылу беру 7,3%-ға, суық су 5,7%-ға, үлестірмелі желі арқылы тасымлданатын газ 4,8%-ға, ыстық су, электр энергиясы 3,8%-ға, тұрғын үйді ұстау 3,5%-ға артқан.

Елдің әлеуметтік-экономикалық болжамына сай, 2017 жылы инфляция деңгейі 6-8% шамасында болу керек.

Гүлназ Ермағанбетова, Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу