Ипотека төлем қабілеті сұранысының "қақпанына" түсті

Дина Ермаганбетова Дина Ермаганбетова
16304

2016 жылы берілген 10 ипотекалық қарыздың 9-ын "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ қаржыландырған.

Ипотека төлем қабілеті сұранысының "қақпанына" түсті

Былтырғы жылы қорытындысы жөнінен елдегі ипотекалық несие беру нарығының әлсірегенін көріп отырмыз. Шынайы жалақының төмендеуі – ел азаматтарының жаңа қарыз алуға деген сұранысын төмендетті. Қарызды төлеу – берілетін қарыздан басым болып отыр. Жаңа ипотекалық несие берудің 90%-ы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ үлесіне тиесілі және банктің ипотекалық несие беру нарығындағы рөлі 2017 жылы одан әрі нығая түседі. Мұндай қорытынды мен болжамды 18 қаңтар күні "Бірінші несие бюросы" (БНБ) ЖШС abctv.kz-ке мәлімдеді.

"2016 жылы 226,9 млрд теңге қарыз берілген, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 10,6%-ға (254 млрд теңгеге) аз. Ал жаңа қарыз 2015 жылмен салыстырғанда 12,9%-ға ( 5 мың келісімшартқа), яғни 33,9 мың ипотекалық қарызға дейін қысқарған", – дейді БНБ abctv.kz-ке берген жауабында.

2017 жылдың басында алынған ипотекалық қарыз 197 мыңға төмендеп, бір жыл ішінде 300 мыңға қысқарған. Сонымен бірге қарыз қоржыны да 9,4%-ға (128 млрд теңгеге) яғни 1,2 трлн теңгеге тұралап қалған.

"Халық несиені жауып жатыр, бірақ нарық оларға жаңа қарыз беруге үлгере алмай отыр. Егер нарық жақсы қарқынмен өсетін болса, жаңа несие беру бұрынғы несиені жабу деңгейінен әрқашан жоғары болады", – дейді abctv.kz-ке БНБ бизнесті дамыту жөніндегі директоры Әсем Нұрғалиева.

Қарызды жабу қарқынының артуына ұлттық банктің 130 млрд теңгелік қайта қаржыландыру бағдарламасы сеп болуы мүмкін. Құжатта көрсетілгендей, қайта қаржыландыруға 2004-2009 жылдар аралығында берілген ипотекалық қарыз жатады. Бағдарлама шарты валюталық қарызды теңгеге айырбастауды, несие беру мерзімін 20 жылға арттыруды және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 3%-ға дейін арзандатуды қарастырады. Реттеушінің 2017 жылдың 1 қаңтарындағы есебіне сүйенсек, осы уақытта жалпы көлемі 96,7 млрд теңге болатын 17,6 мың қарыз қайта қаржыландырылған.

Халықтың табысына қатысты жағдай ипотекалық нарықтың динамикасына бірінші рет әсер етіп отырған жоқ. Ұлттық банк статистикасы жалақының шынайы индексі 2015 жылдың сәуірінен бастап жиырма ай қатарына түсіп тұрғанын көрсетеді.

Бұған ұқсас динамиканы шынайы ақша кірісі де көрсетіп отыр. Ол тек 2016 жылдың наурыз айында ғана 0,9%-ға көтерілген. 2016 жылдың 11 айында орташа жалақы 12,6%-ға, яғни 119,3 мыңнан 142,1 мың теңгеге артқан. Шынайы ақша кірісі 2016 жылдың қазан айында 9,2%-ға төмендеген.

"Кірістің төмендеуі ипотекалық нарықты "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-қа қайта бағдарлады. 2016 жылы берілген қарыздың 90%-ын қаржы институты берген", – дейді БНБ. Банк ативтері 2016 жылдың 11 айында баланс есебі бойынша 26,4%-ға, яғни 599,3 млрд теңгеге артқан.

Активтердің өсуі – банк қорын жылдың басынан бастап 28,6%-дан (85,5 млрд теңге) 384,9 млрд теңгеге дейін арттырған салымшылар депозитінің өсуімен байланысты болып отыр. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ несие қоржыны тек 5%-ға, яғни 318,9 млрд теңгеге дейін ғана өскен. Қарыз қоржынымен салыстырғанда міндеттің күрт өсуі 2017 жылы банк беретін несиені арттыруға үлкен кедергі болады.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ беріп жатқан несиеге көңіл бөлген жөн. Қараша айында 8,08 млрд теңгені төлеу мерзімі кешіктірілген, бұл 2016 жылдың қаңтарындағы көрсеткіштен (4,7 млрд теңге) 1,7 есе көп. Қайтарылмай отырған қарыз үлесі былтырғы жылдың 11 айында 1,11 млрд теңгеден 1,34 млрд теңгеге дейін өсті.

"Коммерциялық банктер ипотека беріп жатқан жоқ. Банктің ипотекалық несиесі қымбат, сондықтан оған сұраныс жоқ. Әзірге банктерге ұзақ мерзімді арзан несие беруге мүмкіндік жасайтын арзан ақша қоры жоқ, сондықтан олар осындай шартты сақтауға мәжбүр. Мемлекеттік бағдарламаға деген сұраныстың артуына осы себеп болып отыр", – дейді Әсем Нұрғалиева.

Төлем қабілеті сұранысының төмендеуі ел азаматтарының тұтыну таңдауын шағын тұрғын үй пайдасына шешуі мүмкін. Бұған ипотекалық қарыздың орташа мөлшері дәлел. Ол былтырғы жылдың қорытындысында 6,2 млн теңгеге жетіп, 2015 жылдың көрсеткішінен 8,9%-ға төмен болған.

БНБ-ның ипотекалық сегмент статистикасына қатысты мәліметі ұлттық банктің көрсеткішіне сай келмейді. Реттеуші есебі бойынша 2016 жылдың 1 желтоқсанында тұрғын үй қарызы қоржыны тура 935 млрд теңге болған. Бұл БНБ қоржынынан төрт есе аз.

Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, қараша айында тұрғын үй қарызы 4,7%-ға жеткен. Бір қызығы, валюталық ипотека өскен. Алайда валюталық қарыз 2016 жылдың тамыз айында берілгені ұлттық банктің қараша айындағы статистикалық бюллетенінде көрсетілген.

Өткен жылдың желтоқсан айында ЕДБ-ның ипотекалық қоржынының 86%-ы (803,5 млрд теңге) теңгемен ұсынылған. Қарыздың үлкен бөлігі, дәлірек айтсақ, ипотеканың 53,11%-ы Астана (195,7 млрд теңге) мен Алматы (300,3 млрд теңге) қаласында рәсімделген. Оның ішінде оңтүстік астананың 71,7%-ы валюталық ипотеканың (94 млрд теңгеден астам) мерзімін ұзартқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу