Карантин кезіндегі махаббат

1909

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды. Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасалған апталық шолуы. 

Карантин кезіндегі махаббат

camonitor.kz: "Қазақтың ұлттық құндылықтар жүйесін өзгерту керек пе? Оны қалай өзгерткен жөн?" , – деп жазады басылым. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан қоғамындағы құндылық жүйесі айтарлықтай қарама-қайшылыққа толы. Ісіміз бен сөзіміз бір-біріне сай келмейді. Әсіресе, мұндай қарама-қайшылықты қазақстандықтардың дінге, тілге, отансүйгіштікке және өзге ұлт өкілдеріне деген көзқарасынан байқауға болады. Демек біз екіжүзділік көрсетеміз және ол біз үшін қалыпты жағдай.

Қазіргі Қазақстан қоғамындағы құндылықтар жүйесін анықтау мақсатында сарапшылар мен ғалымдар арнайы зерттеу жүргізген. Бұл зерттеудің нәтижесінде сарапшылар Қазақстан демократия мен саяси мәдениетті қалыптастыру жолында әлемнің дамыған елдері қатарына қосыламыз деп өзінің бірегей ұлттық, яғни алдыңғы ұрпақ қалдырып кеткен құндылықтарынан айырылып қалмауы керек деген қорытындыға келген.

"Әрине, бұл жерде әңгіме қоғамды артқа тартатын ескі көзқарас жайында емес. Алайда дәл осы ескі көзқарасты біз қазіргі өмірге әкелуге тырысамыз. Сүлеймен Демирель университетінің профессоры Ғалым Жүсіпбектің түсіндіруінше, көп адам ұлттық даму мен рухани жаңғыру процестерін түсінбей, оны өткен ғасырлардағы қазақ құндылығын жаңғырту деп біліп жатады. Профессордың айтуынша, мұндай түсінігі бар адамдарды ғылыми ортадан да табуға болады. Олар тарихқа, этнографияға, фольклорға қатысты сұрақтар туындап жатса, феодалдық немесе атам заманғы деректерге сүйенеді. Ал негізінде мұндай құндылықтарды біз баяғыда ұмытып, тарих қоқысына тастауымыз керек. Мәселен, жалпы адами құндылық жайында әңгіме қозғай келіп, олар әйел затын жылдам сатып жіберуге тиіс затқа теңейді", – деп жазылған мақалада.

Саясаттанушылар, ғалымдар, кино саласының мамандары талқылау барысында өз ойларын ортаға салып пікір білдірген. Кейбір сарапшылар қазақстандық қоғамның екіжүзділігін авторитарлық жүйемен түсіндірсе, екінші тарап қоғамның құндылығына кино, жарнама және телевидение әсер ететінін атап өткен.

"Қорыта келе, Ғалым Жүсіпбек дені дұрыс азаматтық қоғамға бір-бірін құрметтей білетін, эмпатия таныта алатын және заңды жоғары ұстай алатын құндылықтар керек дегенді айтты", – деп жазады басылым.

kursiv.kz: "Қазақстанның жылқы етін экспортқа қалай шығаруға болады...", – деп жазады басылым. Интернет-басылымның хабарлауынша, жылқы шаруашылығы Қазақстанның мал шаруашылығында жылдам дамып келе жатқан сала. Қазіргі кезде бұл  малдың саны 1991 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есе артқан. Сол себептен ішкі нарық толығымен қамтылған, енді саланы одан әрі дамыту үшін жылқы етін шетелге шығару керек. Осыдан бір ғасыр  бұрын қазақ жылқысының саны 3,6 миллион бас болған. Алайда өткен ғасырда орын алған ұжымдастыру нәтижесінде бұл көрсеткіш 0,9 млн басқа түсіп кеткен. Ал 1991 жылы республика бойынша жылқы саны 1,7 миллион басқа жетті, алайда 1998 жылы оның саны күрт төмендеп, 1 миллион болып қалды. 2018 жылы жағдай реттеліп, жылқы саны 1, 79 миллионға жетті. Осының нәтижесінде Қазақстан жылқы саны бойынша әлемдегі 8 - орынды иеленді. 

"2019 жылдың қорытындысы бойынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі жылқының басы 2,7 миллионға жеткенін хабарлады. Ал наурыз айында мәжілісте өткен үкімет отырысында министр Сапархан Омаров бұл көрсеткіш 2,8 миллионға жеткенін мәлімдеді. Сонымен, соңғы бес жылда жылқы шаруашылығы 45,8%-ға өскен", – деп жазады басылым.

Енді мамандар мен сарапшылардың пікірінше, бұл саланы одан әрі дамыту үшін жылқы өнімін шетелге шығарған абзал.

fergana.news: "Қазақстанда жаңа АЭС салды жақтайтындар да жақтамайтындар да бар. Мемлекет олармен не істеуі керек?" , – деп жазады агенттік. Интернет-басылымның хабарлауынша, соңғы екі жылда атом энергетикасы Орта Азия елдерінде жаңа екпін ала бастады. Ресей мен Өзбекстан 2030 жылға дейін бірігіп АЭС салуға келісті. 2019 жылдың сәуірінде тап осындай ұсынысты Ресей президентң Қасым-Жомарт Тоқаевқа да жасаған болатын. Алайда станция салудың болашағы бұлыңғыр, себебі жергілікті халық қарсы болып отыр. Семей полигоны мен Қазақстан табиғатының радиациясымен ластанғаны халықтың есінен кете қойған жоқ. Алайда атомды бейбіт мақсатта пайдаланудың тиімділігін де естен шығармау керек.

Қазақстанда АЭС салудың тиімділігін түсіну мақсатында британдық және қазақстандық ғалымдар қоғамдық пікірдің ғылыми зерттеуін жүргізген. Зерттеудің сауалдарына Ақтау мен Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары қатысқан. Зерттеушілер тұрғындар не себептен АЭС құрылысын қолдамайтынын немесе қолдайтынын анықтауға тырысқан. Ғалымдардың жұмыс нәтижесі Post-Communist Economies журналында жарық көрген.

"2016 жылы ғалымдар Нұр-Сұлтан қаласындағы 113 тұрғынға, Ақтаудағы 91 азаматқа өз сауалдарын қойып, әңгімеге тартқан. Нәтижесінде сауалнамаға түскен азаматтардың 60%-ы АЭС құрылысына қарсы болып шыққан. Ал 9%-ы үзілді-кесілді қарсы немесе орташа деңгейде қарсылық білдірген, 31%-ы қолдайтынын жеткізген. Бұл атом энергетикасын дамытуға болады дегенді көрсетеді. Себебі адамдар үзілді-кесілді қарсы болмаса, оларға әсер етуге болады", – деп жазылған мақалада. 

sputniknews.kz: "Карантин кезіндегі махаббат: журналист тікелей эфир барысында сүйіктісіне сөз салды", деп хабарлайды интернет-портал. Жастар карантинға байланысты екі қалада қалған, алайда оларға бір-біріне сезімін білдіру үшін екі арадағы қашықтық әкедергі болмаған.  "Хабар 24" телеарнасының тілшісі Марк Брюшко тікелей эфир арқылы сүйіктісіне сөз салды. Журналист Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді. Тікелей эфир барысында ол Жібек Жолы ауылындағы блокпостта болған. Полиция мамандарының блокпостағы жұмыстары жайында  баяндаған. Осы әңгімесі барысында ол өз сүйіктісі Юлия Волкова Қарағандыда екенін айтып:

"Қарағандыда менің сүйікті қызым қалды. Ол да журналист, жұмыс істеп жатыр. Мен оған наурыз айында барып, сөз салып, үйленгім келетіні жайында айтуым керек еді. Алайда қазір бұл жоспарымды қалай іске асыратынымды білмеймін. Біз енді бірнеше апта немесе айдан кейін ғана кездесе аламыз",– деді жас жігіт. 

Гүлмира Қамзиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу