Кәсіпкерлер саны күрт кеміген

3558

Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов кәсіпкерлік саласының даму барысын айтып берді. 

Кәсіпкерлер саны күрт кеміген

1 шілдедегі мәліметке сүйенсек, аймақта 51274 (жыл басында – 51078) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның 86,3 пайызы жұмыс істеп тұр.

Оның айтуынша, Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында кәсіпкерлер саны азайған. Облыс бойынша кәсіпкер санының қаңтар және сәуір айларында жоғарылап, ақпан, наурыз, мамыр айларында күрт кемігенін байқаймыз. Белсенділік үлесі жағынан Сыр өңірі Түркістан мен Маңғыстау облыстарынан кейінгі орынға жайғасқан.

"Жаппай кәсіпкерліктің даму деңгейін қала мен аудандардағы, оның ішінде ауылдардағы кәсіпкерлер есебінен аңғару қиын емес. Мәселен, Қызылорда қаласында 307 мыңнан астам халық болса, кәсіпкерлікке соның небәрі 8,5 пайызы тартылған. 35 мыңнан астам халқы бар Жалағаш ауданындағы көрсеткіш – 6,5% тұрғындар саны одан 2,4 есе артық Жаңақорғанда – 4,8 %", – деді басқарма басшысы.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында жалпы құны 1145,5 млн теңгені құрайтын 9 жоба мақұлданған. Оның біреуі Қазалы ауданына, қалғаны Қызылорда қаласына тиесілі. Осы орайда барлық  аудандық әкімдікке әр бағдарлама бойынша жыл соңына дейін несие портфелі кемінде 1 млрд теңге болатын жобалар шығаруды және оларды мүмкіндігінше индустриялық аймақтарға орналастыруды ұйымдас­тыру ұсынылды. Өйткені индустриялық аймақ­тардың жұмыс қарқыны мәз емес.

Нұрбек Сағатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу