Қазақ киносында жастарға неге орын жоқ?

2412

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды. Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасаған апталық шолуы 

Қазақ киносында жастарға неге орын жоқ?

yvision.kz: "Қазақ киносы: жастарға орын жоқ. Режиссер Ахат Ибраев Елбасы мен президентке хат жолдады", деп хабарлайды интернет-басылым. Бұл хатты жас режиссер көмек сұрап жазған. Себебі соңғы үш жылдан бері кинорежиссер Ермек Тұрсынов пен оның командасы тарапынан қысым көріп келеді.

Жас режиссер өз хатында мәселенің неден туындағанын және қалай өрбіп келе жатқанын баяндаған. Оның хабарлауынша, 2016 жылы ол "Қазақстан кинематографистер Одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайланады. Бұл қызметте отырған екі жыл ішінде ол мүдделес әріптестерімен "ҚР Кинематографиясы" туралы заң жобасын әзірлеген, Алматыдағы "Кино Үйін" қайта жөндеуге ақша тапқан және жас таланттарды көтермелеу мақсатында шаралар өткізген. Алайда бұл игі әрекеттері барысында кинорежиссер Ермек Тұрсынов пен оның командасы тарапынан қысымға ұшырайды. Өйткені танымал режиссер өз командасымен қолынан келгенше мәдениет саласының дамуына кедергі келтіріп, жас қайраткерлердің әрекетіне бөгет жасап келеді.

"Менің ойымша, маған қысым көрсету сырының себебі Алматы орталығындағы кино үйінде болып тұр. Себебі ол бұл үйді әдейі құнсыздандырып, қиратуды көздеген, алайда мен оған жол бермедім. Сол үшін ол менен кек алуды көздеп отыр. Осының нәтижесінде ол 2018 жылы кинематографистер одағының құрылтайын өткізу туралы бастама көтеріп, мені Одақ жетекшілігінен кетірді. Құрылтайға келгендер Тұрсыновты қолдауға келген Олжас Сүлейменов, Асанәлі Әшімов, Мұрат Әуезовті көріп, оның артында қандай күш тұрғанын байқап, мені төраға қызметінен алып тастауға дауыс берді", – деп жазады режиссер.

liter.kz: "Үйде босану: жаңа тренд әлде дәрігерлердің қорқынышы ма?Таңдауды қалай жасаған дұрыс?", деп жазады басылым. Баланың дүниеге келуі кез келген отбасы үшін маңызды оқиға. Сол себептен баланы үйде босанған дұрыс па әлде перзентханаға барған жөн бе деген сұрақ көпшілікті мазалайды. Аналардың көбі, әсіресе, дәстүрлі медицинаға бет бұрғандар үйде босану мәселесін қарастырмайды. Алайда үйде босану әрекеті біртіндеп сәнге айналып келеді. Сәнге айналған үрдістің ұтымды жағы мен ұтымсыз жағын анықтау мақсатында басылым тілшілері №3 перинатальдық орталықтың бас дәрігері Зайтуна Хамидуллинамен сұхбаттасқан. Сонымен қатар жуырда ғана ана атанған әйелдермен әңгімелескен. Бас дәрігердің айтуынша, жыл сайын 8200 әйел босанады, сол аналардың 0,3-0,4 %-ы үйінде босанады.

"Қазіргі кезде кез келген әйел босану үшін өзіне ұнаған стационарды таңдай алады. Барлық ақпаратты сайттан көре алады. Өз қалауымен тегін немесе 140 мың теңге тұратын ақылы бөлімді таңдай алады. Ауруханада босанудан қорықпау керек, әйелдің денсаулығы жақсы болса, ешкім оның ішін баспайды, толғақ шақыртпайды. Үйде босану – уақыт талабынан туып отырған үрдіс емес. Бұл қорқыныш. Әлеуметтік желілер осы үрейді туғызып отыр", – дейді дәрігер.

Басылымның хабарлауынша, үйде босану үрдісі кеңінен етек жайып келе жатыр. Мұндай қадамға барған аналар өз тәжірибесімен бөлісіп, әлеуметтік желілерде арнайы топ құрып алған. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, жыл сайын әлемде 140 млн әйел босанады, соның 830-ы жүктілік немесе босану кезінде көз жұмады. Дер кезінде бұл әйелдерге жоғары деңгейдегі кәсиби медициналық көмек көрсеткенде, аман алып қалуға болар еді.

platon.asia: басылымның мақаласы "Өмірдің құны" деп аталады. Бұл материал Орта Азия елдеріндегі суицид мәселесіне арналған. Басылым дерегі бойынша, бұл аймақ азаматтары өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші бойынша әлем бойынша алдыңғы қатарда тұр. Орташа есеппен әлемде өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші 100 мың адамға 11,4 суицидтен келеді. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 100 мың адамға 48,1-ге жетіп отыр. Түркменстан елінде бұл көрсеткіш – 15,8, Өзбекстанда – 13,6, Қырғызстанда – 13,4, ең төменгі көрсеткіш Тәжікстанда – 7,2 болып отыр, алайда бұл көрсеткіш соңғы уақытта өсіп келеді. Осы аймақта ең жоғары көрсеткішке Қазақстан ие болып отыр. Әлем бойынша, Қазақстан үшінші орынға ие, ал жасөспірімдер арасындағы суицид көрсеткішімен бірінші орынға шығып отыр.

"Көптеген әлеуметтік суицидтік мәселелер Орта Азия елдерінде (кедейшілік, жоқшылық, жұмыссыздық, тұрмыстық зомбылық, қоғам тарапынан түсінік таппау) көп жағдайда құқықтық нормалардың тиімділігінің төмендігіне  негізделген. Бұл түсінікті алғашқылардың бірі болып француз әлеуметтанушысы Э.Дюркгейм енгізген болатын. Ол аномияны бұдан бұрын болған құндылықтар мен нормалардың жойылуымен түсіндірген. Аномия сонымен қатар, түсінікті норманың жоқтығымен, моральдық бақылаудың болмауымен де түсіндіріледі. Аномия теориясын дамытқан американдық социолог Р.Мертон дағдарыс кезінде адамдар өз мақсатына қол жеткізу үшін моральға қарсы әрекет ететінін көрсеткен", – деп жазады басылым.

kp.kz: Қазақстандықтардың тең жартысы 112 мың теңге көлемінде айлық алады, деп жазады аталмыш басылым. Ал кеңінен тараған айлық мөлшері 58 мың теңге болып отыр. Мұндай қортындыны Ranking зерттеу агенттігінің сарапшылар жасаған. Аталмыш басылымның хабарлауынша, Қазақстан Республикасының статистика комитеті 2019 жылдың қортындысы бойынша, мемлекет азаматтарының модальды және медианды жалақысы деңгейін жариялаған. Бұл күтпеген цифр болғанымен, қоғамның көңіл күйін көрсетті. Себебі азаматтардың басым көпшілігі сатып алу қабілетінің төмендегенін айтып отыр.

"Жұмыс істейтін 3,3 миллион қазақстандық 112,2 мың теңгеден төмен айлық алатыны анықталды. Алайда мемлекеттік орган өкілдері елдің экономикалық шамасын бағалау барысында орташаландырылған көрсеткіштерге жүгінеді. Бұл көрсеткіштер бойынша орташа жалақы 203,9 теңгеге жетеді. Бір жылдың ішінде медианды жалақы 5,6%-ға өскен, алайда инфляция деңгейі де 5,4%-ға жетіп барған. Осының нәтижесінде қазақстандықтардың сатып алу қабілеті 2018 жылғы көрсеткіште қалғанын байқауға болады", – деп жазады басылым.

Гүлмира Қамзиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу