Қазақстан өркендеу индексінде Эквадор мен Таиландқа жол берді

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
3298

Біздің ел британиялық өркендеу индексінде 72 - орынға ие болды.

Қазақстан өркендеу индексінде Эквадор мен Таиландқа жол берді

Елімізді өрге сүйреп тұрған сала – білім мен экономика. Ал етектен ұстап, төменге тартқан бағыт – жеке бас бостандығы. Британиялық The Legatum Institute сараптамалық орталығының 2017 жылғы өркендеу индексінен осындай ой түюге болады.

Қазақстан аталған индексте 149 мемлекеттің (148 мемлекет және Қытайдың Гонконг арнайы экономикалық ауданы) ішінен 72-орынға табан тіреді. Осылайша еліміз 2016 жылғы позициясын (83-орын) 11 сатыға жақсартты.

2017 жылғы рейтингте Қазақстан "Білім" (35-орын) және "Экономиканың сапасы" (46-орын) параметрлерінде үздік нәтиже көрсетті.

Жалпы, рейтинг төмендегідей параметрлер бойынша түзіледі: "Экономиканың сапасы" (Қазақстан 46-орынға ие болды), "Бизнестің дамуы" (53-орын), "Басқару" (99-орын), "Білім" (35-орын), "Денсаулық" (60-орын), "Қауіпсіздік" (55-орын), "Жеке бас бостандығы" (128-орын), "Әлеуметтік капитал" (85-орын), "Қоршаған орта" (95-орын).

Айтпақшы британиялықтар 2006 жылы Қазақстандағы "Жеке бас бостандығын" 125-орынға қойған болатын. Ал дәл осы жылы "Экономиканың сапасы" 66-орында еді.

Қазақстан ТМД-дағы көршілерінен алда келеді. Алайда Таиланд (67-орын) және Эквадор (71-орын) секілді елдерге жол берген.

Мәселен Қырғызстан аталған индексте 82-орынды қанағат тұтты – "Экономиканың сапасы" (78-орын), "Бизнестің дамуы" (90-орын), "Басқару" (111-орын), "Білім" (62-орын), "Денсаулық" (58-орын), "Қауіпсіздік" (82-орын), "Жеке бас бостандығы" (92-орын), "Әлеуметтік капитал" (75-орын), "Қоршаған орта" (72-орын).

Украина 112 - орынды місе тұтты – "Экономиканың сапасы" (84-орын), "Бизнестің дамуы" (102-орын), "Басқару" (130-орын), "Білім" (48-орын), "Денсаулық" (135-орын), "Қауіпсіздік" (135-орын), "Жеке бас бостандығы" (95-орын), "Әлеуметтік капитал" (115-орын), "Қоршаған орта" (108-орын).

Әзербайжан – 106-орында – "Экономиканың сапасы" (98-орын), "Бизнестің дамуы" (81-орын), "Басқару" (128-орын), "Білім" (46-орын), "Денсаулық" (71-орын), "Қауіпсіздік" (70-орын), "Жеке бас бостандығы" (123-орын), "Әлеуметтік капитал" (137-орын), "Қоршаған орта" (138-орын).

Ресейге 101-орын бұйырыпты – "Экономиканың сапасы" (70-орын), "Бизнестің дамуы" (85-орын), "Басқару" (115-орын), "Білім" (26-орын), "Денсаулық" (102-орын), "Қауіпсіздік" (109-орын), "Жеке бас бостандығы" (143-орын), "Әлеуметтік капитал" (130-орын), "Қоршаған орта" (56-орын).

Ресейден кейінгі 102-орынға Тәжікстан жайғасқан – "Экономиканың сапасы" (102-орын), "Бизнестің дамуы" (117-орын), "Басқару" (120-орын), "Білім" (54-орын), "Денсаулық" (80-орын), "Қауіпсіздік" (49-орын), "Жеке бас бостандығы" (138-орын), "Әлеуметтік капитал" (78-орын), "Қоршаған орта" (123-орын).

Беларусьқа бұйырғаны – 95-орын – "Экономиканың сапасы" (42-орын), "Бизнестің дамуы" (98-орын), "Басқару" (134-орын), "Білім" (43-орын), "Денсаулық" (86-орын), "Қауіпсіздік" (52-орын), "Жеке бас бостандығы" (133-орын), "Әлеуметтік капитал" (129-орын), "Қоршаған орта" (97-орын).

Беларусьтан кейінгі орын Арменияға тиесілі (96-орын) – "Экономиканың сапасы" (114-орын), "Бизнестің дамуы" (94-орын), "Басқару" (109-орын), "Білім" (39-орын), "Денсаулық" (97-орын), "Қауіпсіздік" (87-орын), "Жеке бас бостандығы" (96-орын), "Әлеуметтік капитал" (136-орын), "Қоршаған орта" (88-орын).

Молдова 95-орында тұр – "Экономиканың сапасы" (90-орын), "Бизнестің дамуы" (82-орын), "Басқару" (112-орын), "Білім" (50-орын), "Денсаулық" (105-орын), "Қауіпсіздік" (66-орын), "Жеке бас бостандығы" (88-орын), "Әлеуметтік капитал" (126-орын), "Қоршаған орта" (140-орын).

Норвегия, Нидерланды, Финляндия, Швейцария және Швеция индекстің көшін бастап тұр.

Ең соңғы орындарды түйіндеген елдер: Ауғанстан, Судан, Орталық Африка Республикасы және Йемен.

Legatum институты жүргізетін әлем елдерінің өркендеу индексі – мемлекеттердің жетістігін өркендеу мен әл-ауқат тұрғысынан өлшейтін  жиынтық көрсеткіш. Индекс әлеуметтің әл-ауқат параметрлері мен қоғамда көрініс табатын түрлі индикаторлар жиынтығының негізінде түзіледі. Индекстің мақсаты – ғаламдық ауқымдағы қоғамдық әл-ауқат пен оның дамуын зерттеу.  

Еркебұлан Қыздарбек, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу