Кең көрермен аудиториясын көздейміз

16820

Әлемдік кинопрокат биыл тоқырауға ұшырап, бар үмітін 2021 жылға артып отыр.  

Кең көрермен аудиториясын көздейміз

Бұл тауқымет қазақстандық кинотеатрларды да айналып өтпеді, бірқатар голливудтық тенполдармен бірге көптеген отандық продюсерлер де өз фильмдерінің тұсаукесерлерін кейінге қалдырды. Дегенмен, көрермендерді кинотеатрларға қайта тарту керек және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы келер жылы кинопрокатты оңалтуға өз үлесін қоспақ.

Бүгінде қазақстандық кинотеатрлар жаңа өмірге бейімделіп жатыр. Залдарды толық толтырмай, сенастар санын азайтып, санитарлық талаптарды қатаң сақтауда. Пікірталастарда пессимизмге бой берген кино нарығы қатысушыларының көңіл-күйлері ақырындап  жайлана бастағандай. Және ешқандай қиыншылыққа қарамастан, қазақстандықтар киноға баруды жалғастыруда.  

Бүгінгі кино: режиссерлер, іске кірісейік!

Сонымен қатар, салада киногурмандарға арналған мәзірді кеңейту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Бұл, ең алдымен, қазақстандық контентке қатысты. Қазіргі таңда, санитарлық қызмет біршама әлсіреген кезде, операторлар қайтадан камераларын қолға алса, актерлер грим бөлемелеріне кіруге мүмкіндік алды. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының өзінде екі питчингтің нәтижесі бойынша қаржылық қолдау тапқан 51 картинаның түсіру жұмыстары жанданды, оның ішінде көркем, дебюттік, анимациялық, авторлық және қысқа метражды фильмдер бар. 

Ақпарат үшін: осы уақытқа дейін Кино орталығы екі питчинг өткізген – шығарылуына мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін, ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу конкурсы. Питчингке қатысу алгоритмі келесідей: бірінші киножобалар Кино орталығының іріктеуінен өтеді, одан кейін үміткерлер Сараптама кеңесімен өткізілетін питчингке шақырылады. Режиссерлер, продюсерлер, сценарийшілер, сыншылар, прокаттаушылардан тұратын он бес маман алдын ала сценарийлерді оқып, питчинг барысында өз ойлары бойынша сапалы деген жобаларды анықтайды. Питчинг ашық, онлайн-трансляция режимінде өтеді. Кейін, іріктелген өтінімдер мемлекеттік аппарат өкілдерінен, депутаттардан, министрліктердің басшыларынан тұратын Ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізіледі. Олар киножобаның қаржы-экономикалық және идеологиялық құрамын талқыға салады. Ведомствоаралық комиссияның ұсынымы берілген соң, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қаржылай қолдау алатын фильмдердің соңғы тізімін бекітеді. Осылайша, ақтық шешімді 30-дан астам адам жұмыла қабылдайды.

"Жобалардың өзіне келетін болсақ, қазіргі таңда, мемлекет тарапынан қолдауға фестивальдік әлеуеті бар авторлық және артхаус картиналары да, сондай-ақ кең көрермен аудиториясына бағытталған коммерциялық фильмдер де ие бола алады. Әрине, авторлардың кәсібилігі мен жобалардың көркемдік құндылығы басымдыққа ие", - деп атап өтті "ҰКҚМО" КЕАҚ басқарма төрағасының өндіріс бойынша орынбасары  Айдар Баталов.

Фильмдерді прокаттаудан түскен кірістің 20%-ын Кино орталығы алады, ол  кино саласын одан әрі дамыту үшін жұмсалатын болады.  Сонымен қатар, Қазақстанда кино түсіретін шетелдік компанияларға субсидиялар беріледі.  Бұл жағдайда, бюджетке Қазақстан аумағында шығындалған қаражаттың 70%-ы түседі, ал 30%-ы шетелдік әріптестерімізге қайтарылады.

Уайым тудыратын екінші мәселе

Коронавирус пандемиясы кино саласына қатты соққы бергені сөзсіз, әрине, бұл жағдайлар Кино орталығының жұмысына әсер етті – барлық фильмдердің түсірілімі тоқтады.

"Дегенмен, ең бастысы, тұсаукесерлердің шегерілуі, кинотеатрлардың жабылуы, прокаттау саласына берілген соққы да қазақстандық киноөндірушілерді жолдан тайдыра алмады. Қазір біздің картиналар белсенді түрде түсіру кезеңіне өтуде.  Ал прокат жайлы айтатын болсақ, қазір бұл сала бойынша қандай-да бір қорытынды шығаруға ерте. Бірақ, "Каникулы off-line-2" атты Кино орталығының қолдауымен жасалған алғашқы картина отандық прокаттаудан өте сәтті өтті", - дейді Айдар Баталов.

Киножобалар өндірісі бойынша жұмыс жалғасуда және қазіргі уақытта кино өндіретін компаниялар барлық санитарлық ережелер мен талаптарды қатаң сақтай отырып, түсірілім жүргізуде.   

"Кино орталығымен жасалған індет уақытындағы түсіруді ұйымдастыру қағидалары міндетті түрде орындалуы тиіс, - дейді Айдар Баталов. Біздің басты міндет – түсіру процессінің әрбір мүшесіне осы қарапайым қағидаларды жеткізу. Мұнда, ең алдымен, алаңдағы санитарлық нормалардың сақталуы мен шаралардың орындалуын қадағалайтын қызметкерлердің жауапкершілігін атап өту керек. Дегенмен, басты мәселе ол әрқайсысымыздың санамыздың деңгейінде, яғни қаншалықты біз өзімізді және өз әріптестерімізді қорғауға дайын екендігімізде. Түсіру тобына вирусты жұқтырған адам, күллі республиканың кино өндіру саласына қауіп төндіріп тұрғанын естен шығармауымыз қажет, себебі, бір жағдайға байланысты өндірістегі барлық картиналарды жауып тастау қауіпі бар. Және бұлай жасау ешкімнің қызығушылығында жоқ деп ойлаймын", - дейді Кино орталығы басшысының орынбасары Айдар Баталов.

Жасыратыны жоқ, еліміздегі мәдениет саласында бюджетті оңтайландыру жұмыстары жүргізілді.  Тек мәдениет саласында ғана емес, спортта, туризмде, ғылымда, жалпы республика экономикасында. Жобалардың бір бөлігі жай қысқартылып қана қоймай, мүлдем іске асырылмайтындығы өте өткір мәселе болды. Кино орталығының өкілдерінің айтуынша, питчингте жеңіске жеткен әрбір өндірушімен жеке келіссөздер жүргізілген, бірқатары бюджетін 5%-тен 25%-ға дейін қысқартып, ұсынылған талаптармен келіскен.   Нәтижесінде, жалпы бюджеттен 642 миллион теңге үнемделген.  

Кең көрермен аудиториясын көздейміз

Кино орталығының екінші питчингінің қорытындысы бойынша, көптеген дебюттік, қысқа метражды, авторлық және анимациялық картиналардан басқа, үлкен коммерциялық әлеуеті бар және кең аудиторияға арналған бірқатар жобалар өндіріске рұқсат алды, олар туралы біз толығырақ айтып бергіміз келеді.

Болашақ отандық блокбастерлердің тізбегін ең табысты қазақстандық комедиографтардың бірі Асқар Бисембин бастайды, ол 2020 жылы "Агент под прикрытием: Келинка" және "С новым годом, подруги" картиналарын аяқтаған. Кино орталығымен серіктестік орната отырып, Бисембин әдеттегі бағытынан алыстап, "Билет из рая" комедиялық мелодрамасын жарыққа шығармақшы. Автор жобаның жанына жақын екенін атап өтті. Себебі, Асқардың қызы Камилла, осы идеяның авторы, режиссерге келесі сұрақты қойып, жобаның туындауына себепші болған: "Қазір тірі болса, әкеңмен қандай сырыңды бөлісер едің?". Дәл осы айтылған оқиға картинаның басты кейіпкерінің басынан өтеді: өмірінің ең қиын кезеңінде, ол 20 жыл бұрын өмірден өзған әкесін кездестіреді.

Лирикаға толы тағы бір кино – экс КТА ойыншысы Асқар Ұзабаевтың "Адам и Алма"  мелодрамасы болмақ. Басты кейіпкер, Адам қарызын өтеу үшін жерді сату туралы шешім қабылдағанда, оның әкесі 30 жыл бойы өсірген алма бағының тағдыры бір сағаттың ішінде күл талқан болады. Жерді сатып алушы – ірі құрылыс компаниясы -  бақты сақтап қалғысы келмейді, оның орынына курорт салу үшін шауып тастайды. Атақты Алматы алмаларының тарихынан ақша  қымбатырақ болып шығады. Селекционерлердің көпжылдық жұмысы бақша қызметкерлерінен басқа ешкімге керек емес екен. Бірақ, олар жер иесіне қарсы келе алмайды, Осы кезде кейіпкердің басты трансформациясы орын алады.  Адам өз әкесінің ісін түбегейлі жойып жібере жаздағанын түсініп, оның бойында мейірімділік оянып, жаңа бақ салып, бірегей алма сұрыпын өсіру бойынша отбасылық істі жалғастыру туралы шешім қабылдайды.  Картинаның түсірілімі Алматы облысында өтеді, ал басты рөлдерді Берік Айтжанов пен Альмира Тұрсын сомдайды.

"Богемская рапсодия" және "Рокетмэн" фильмдерінің жеткен жетістіктерімен шабыттанған Айдын Самахан үлкен экранға бұрыннан шығуға лайықты жобаға кірісті. "Дос-Мұқасан" атты мюзикл элементтері бар биографиялық мелодрама әндері ұрпақтан ұрпаққа жеткен, ел тарихындағы ең танымал музыкалық ұжымның қалыптасуы жайлы баяндайды. Қоюшы-режиссер биографиялық киноны өзгеше тәсілмен түсіруге және топтың шлягерлерін картинаның сюжетіне шеберлікпен үйлестіремін деп уәде еткен.


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу