Көлеңкедегіні күнгейге шығарды

1747

Арнайы прокурорлар 35 млрд теңгеден астам шығынның 8 млрд теңгесін сотқа дейін кері қайтартқызды.

Көлеңкедегіні күнгейге шығарды

Қоғамдық толқу тудырған бірқатар іс бойынша тергеу жұмысының қалай жүріп жатқаны туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.

"Басты мысал ретінде Ильин-Шаукеровтың бірлесіп жасаған қылмысына қатысты қазіргі уақытта аяқталуға жақын қалған сот процесін айтар едім. Арнайы прокурорлар жалған кәсіпорындардың тұтас бір желісін анықтады. Сотталушылардың қатарында 36 адам бар, оның ішінде салық, қаржы, полиция  қызметкерлері бар. Қылмыскерлер 115 млрд теңгені қолды еткен. Қылмыстық істен  түскен шығын 35 млрд теңгеден астам болған, арнайы прокурорлардың күшімен сотқа дейін 8 млрд теңге қайтарылған", – деді ҚР Бас прокуратурасының арнайы прокурорлар департаментінің басшысы Ұлықбек Патсаев.  

2016 жылы бас прокуратураның  арнай прокурорлар департаменті қылмыстық істерді сапалы және  объективті тергеуге қатысты нәтижелі іс тындырды. Бұл жердегі ең басты қылмыстық іс бұрынғыша  лауазымдық қылмысқа оның ішінде азаптауға, сонымен бірге өте маңызды және қоғамдық толқу тудырған істерді тергеуге қатысты болды. 

Өткен жылы арнайы прокурорлардың өндірісінде 751 қылмыстық іс болған. Оның көбі азаматтардың конституциялық құқығына қарсы қылмысқа қатысты. Сотқа 127 іс жіберілген, 229 адамға қатысты 106 айыптау үкімі шыққан.

"Бұрынғыша істің тоқтатылуы жоғары дәрежеде қалып отыр. Әрбір үшінші іс тоқтатылған, оның көбі – негізінен ақтап алуға қатысты болған", – деп мәлімдеді Ұлықбек Патсаев.

Өндірістегі істердің үштен бірі азаптауға қатысты. Өткен жылы арнайы прокурорлардың өндірісінде азаптауға қатысты 223 іс қаралған. Оның ішіндегі 150-і сотқа дейін тоқтатылған, барлығы ақтап алуға байланысты болған. Сотқа 10 іс жіберілген.

Прокуратураға шағым келіп түссе, оларды сотқа дейін тергеу арнайы прокурорларға немесе қылмыстық қудалау органына беріледі. Бұл тәртіп азаптауға қарсы күресті күшейтуге бағытталған, штаттағы қызметкерлер санының аздығынан арнайы прокурорлар аймақтағы азаптаулар туралы өтініштер бойынша толық және шұғыл тергеу жүргізе алмайды.

Арнайы прокурорлардың басшылығымен үлкен қоғамдық қауіп төндіретін қылмыс бойынша бірқатар маңызды қылмыстық іс  тергелген.  Оның ішінде ең бастысы сыбайлас жемқорлық және экономикалық бағыттағы күрделі  қылмыстық іс.

Арнайы прокурорлар күштік құрылым органының лауазымдық тұлғаларына қатысты оншақты қылмыстық істі ашқан.

"Мысалы Атырау облысы полиция қызметкерлерінің лауазымдық дәрежесін асыра пайдаланғанына қатысты оқиға үлкен қоғамдық толқу туғызды. Арнайы прокурорлар қылмысты ашып, барлық қаланы үрейде ұстаған қылмыскерлерді әшкереледі. Олар көп қылмыс жасаған, оның ішінде адам өлімі де бар", – деді Ұлықбек Патсаев.

Сондай-ақ ол Жамбыл облысы ІІД қызметкерлерінің лауазымдық дәрежесін асыра пайдаланғаны туралы істің тергеу амалдары турала айтып берді. Прокурорлар анықтағандай, айыпталған полиция қызметкерлерінің мойнында ауыр қылмыстар бар: азаматтардың заңсыз ұстау, қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін ақша талап ету, қылмыстық істерді өтірік жүргізу,  есірткі, қарудың оғын жасырын салып жіберу. Әділдікке жетуден түңілген және мұндай бассыздыққа қарсы наразылығын білдіру үшін облыстың екі тұрғыны өз-өзін өртеген. Тергеу қорытындысы бойынша жеті полиция қызметкері айыпталды.

Ұлықбек Патсаевтың ойынша, мұндай деректер қоғам ішінде дүмпу тудырып, азаматтардың құқық қорғау жүйесіне деген сенімінің жоғалуына түрткі болады.

"Алматыда Қорғас оқиғасының түйіні шешілуге жақын. Экономикалық контрабанда бойынша сотқа осымен үшінші іс жіберілді. Қылмыстық топтың мүшелері мен олардың күштік құрылымдардағы жақтаушылары, бас-аяғы 55 адам сотталды. Мемлекетке 4,5 млрд теңге қайтарылды", – деп мәлімдеді ол.

Астанада есірткімен күрес басқармасы қызметкерлерінің жебеуімен есірткі заттарын өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты іс аяқталды. Үш полиция қызметкері 15 жылға сотталды.

"Ақтөбе және Алматы облысы прокуратураларының приципшіл ұстанымын ерекше атап өткім келеді, олар азаматтарды азаптаған полицейлерге жасаған қылмысына сай жаза қолдануға қол жеткізді. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қастандық жасайтын қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл саласында террористерге тиісті қарсылық көрсетпеген Алматы мен Ақтөбенің полиция қызметкерлеріне қатысты іс тергелді", - деді Ұлықбек Патсаев.

Өткен жылдың қарашасында 10 адамға, оның ішінде 7 полиция қызметкеріне, оқ жаудырып, теракт жасаған Руслан Күлекбаев айрықша жазалау шарасы – өлім жазасына кесілді. Қарақшылық және заңсыз қару айналымымен айналысты деп айыпталған оның бес сыбайласы ұзақмерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қазіргі кезде Қостанайда елді елең еткізген сот процесі жүріп жатыр. Айыпталушылар – әлеуметтік қорғалмаған азаматтардың жылжымайтын мүлкін заңсыз иемденген "қара риэлторлар". Қылмыстық топтың есебінде 30-дан астам қылмыс, оның ішінде 3 адам өлтіру фактісі бар.

Сондай-ақ конституциялық құрылымның негіздері мен мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төндірген қылмыстық істерді тергеу де арнайы прокурорлардың қарауында. Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы прокурордың басшылығымен Тоқтар Төлешов пен өзгелердің ұйымдасқан қылмыстық тобының әрекеті әшкереленді. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру, есірткі заттарын, қару мен олардың оғын сақтау, сондай-ақ билікті тартып алуға талпыныс жасау фактілері бойынша айыптау үкімі шығарылды. Ұйымдастырушы 21 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ арнайы прокурорлар қоғам мен мемлекет  мүддесін қорғау, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты экономика мен қаржы саласындағы мемлекет үшін аса маңызды істерді тергеп-тексерді.

Таразда 225 мың доллар пара алып, контрабандамен айналысқандарға 5,8 млрд теңге сомадағы тауарларын қайтарып берген экономикалық тергеу қызметшілеріне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.

Ақмола облысындағы жер қатынастары саласында жасалған қылмыстық астыртын әрекеттер туралы іс бойынша сот процесі жүріп жатыр. Арнайы прокурорлар жерді мемлекеттік меншіктен заңсыз шығару және жалған құжат  бойынша 370-тен астам жер телімін сату жолдарының бетін ашты.  Қылмысқа бұрынғы ауыл әкімдері, жер қатынастары бөлімінің басшылары мен қызметкерлері, Целиноград ауданының ХҚКО, әділет, сәулет мекемелерінің лауазымды тұлғалары жұмылған. Мемлекетке келтірілген шығын 600 млн теңге деп бағаланып отыр.

Өткен жылы орын алған экономикалық қылмыстар бойынша келтірілген зиянның жалпы сомасы 200 млрд теңгеден асты. Бұл соманың негізгі бөлігі Алматы және Шығыс Қазақстан облысының банк саласындағы былықтары жалған кәсіпкерлікке қатысты болған. Тексеру-тергеу нәтижесінде 22 млрд теңгеден астам қаражат кері қайтарылған.

Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу