Коронавирус болмаған күннің өзінде ойдан шығару керек болар еді

3680

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды? Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасаған апталық шолуы. 

Коронавирус болмаған күннің өзінде ойдан шығару керек болар еді

time.kz: "Есті жинау керек" деп жазады газеті. Мұндай ойды танымал экономист Рахман Алшанов айтқан. Экономистің пікірінше, короновирус болмағанда оны ойдан шығару керек еді. Әлем бойынша, қалыптасып отырған жағдайға байланысты пікірін білдірген танымал экономист Қазақстан өзінің экономикалық саясатын өзгерту керек дегенді айтады. Бұл іске осы ойдағы азаматтарды тартып, үкімет құрамын өзгерту қажет. 

"Біздегі экономикалық блок мүлдем іске жарамсыз. Бар үмітті Болашақ түлектеріне арта бермей, тәжірибелі адамдарды жасына қарамай іске тарту керек. Эксперимент жасағанды қою керек, өзге тәжірибені көшіруді де доғару қажет. Ес жинайтын уақыт келді!", – дейді Рахман Алшанов. 

Экономистің пікірінше, бір-екі айда жағдай реттеле бастайды. Мұнайдың бағасы өседі. ОПЕК+ мүше мемлекеттер өзара келісімге келеді. Себебі Путин конституциялық реформа жүргізуі керек, Трамп президенттік сайлауға қатысуы керек. Мұндай жағдайда жылдам шешім қабылдау қажет.

camonitor.kz "Қазақстандықтарды асыранды адамға айналдыру кімге керек?" деген сауалға жауап іздегенбасылым. Қазіргі Қазақстанды әлеуметтік мемлекеттер қатарына жатқызуға болмайды. Алайда соған қарамастан, мемлекеттің асырауында болғысы келетіндердің қатары күн өткен сайын өсіп келеді және бұл ұлттық сипатқа айналғандай. Осыған байланысты газет тілшілері мұның себебін іздеп, мәселенің мәнін білуге тырысқан, сарапшылардың пікірін білген.

Саясаттанушы Данил Бектұрғанов бұл дерттен толығымен айығу мүмкін еместігін айтып отыр. Себебі әлеуметтік асыраудағы адамдар әлемнің барлық елінде бар.

"Әлеуметтік асырандыларды мүлдем жойып тастау мүмкін емес, себебі аз қамтылған отбасылар, зейнеткерлер әрдайым болған және бола береді. Сол себепті мемлекеттің міндеті – шын мәнінде көмекке мұқтаж азаматтар мен мемлекет есебінен өмір сүріп, арнайы өтемақы, жәрдемақы алғысы келетіндердің ара-жігін ажырата білу керек", - дейді саясаттанушы.

"Қазақстанда астыртын жасалған келісім бар, яғни ниеттестік білдірем, есесіне маған әлеуметтік көмек бересіңдер деген. "Мен газет оқымаймын, митингке шықпаймын, кімге дауыс бер десең беремін, есесіне маған көмек бересіңдер..." Мұндай келісім көп жағдайда қазақтар мен орыстар арасында болады. Ал, мәселен дүнгендерді алатын болсақ, олардың мұндай көмек алуы қиынға соғады. Біздің елде диаспора өкілдері мемлекеттен бұрын өздеріне сенеді", - деп санайды "Космические исследования и технологии" журналының бас редакторы Нұрлан Әсалқан.

Сарапшылардың пікірінше, көтерілген мәселені реттеу үшін ниеті дұрыс жетекшілер керек. Өз пайдасынан бұрын халық мүддесін жоғары қоятын тұлғалар қажет.

caravan.kz: "Үшінші әйел алу керек: халал танысу сайттары неге әкеліп соқты" деп жазады басылым. Қазақстан алғашқылардың бірі болып 1998 жылы көп әйел алғандарды қылмыстық жазаға тартудан бас тартқанымен, көп әйел алуды заңдастырмады. Басылымның хабарлауынша, осы уақыт аралығында көптеген бала заңсыз дүниеге келіп үлгерді. Қазіргі кезде олар соттан әділдік іздеп жүр.

Заңгерлердің айтуынша, мұндай мәселені шешу барысында ешкім отбасылық құқыққа мән бермейді. Мақала авторының дерегіне сүйенсек, күн өткен сайын мұндай жандардың саны өсіп келеді. Бұрындары көп әйелі бар ер азаматтардың саны аз болған болса, қазіргі кезде қоғам исламға бет бұрып, көп әйел алушылар саны көбейіп келеді. Әсіресе, мұндай азаматтардың саны батыс пен оңтүстікте көп. Интернетте халал танысу сайттары көбейген. 

"Оның себебі әйел затының көптігінде және ажырасқан балалы әйелдердің көп болуында. Қазіргі заман сұлтандары бұрынғы некеде дүниеге келген балаларды қамқорлығыма аламын, жеке үй салып беремін және жағдайыңды жасаймын деп уәде береді. Алайда бұл уәделері көп жағдайда орындалмай жатады. Некеге отырып алып, отағасы жағдайдың қиындығын айтып, екінші әйелін барлығына ортақ үйге әкеледі немесе еркек әйелді балаларымен тастап кетеді. Мұндай жағдай көп кездесіп жатады. Ол туралы "Казах.ру" сайтынан оқуға болады", – деп жазады мақала авторы.

zakon.kz: "Ташкент пен Алматы әлемдегі ең арзан қалалар тізіміне енді" деп жазды интернет-портал. Басылымның мәліметі бойынша, The Economist Intelligence Unit "Әлемдегі өмір құны 2020" атты зерттеуін жариялады. Әлемнің әр қалаларындағы көлік, тұрғын үй, азық-түлік, киім және байланыс құнын анықтайтын зерттеу нәтижесінде Алматы мен Өзбекстан астанасы Ташкент шаһарлары ең арзан қалалар тізіміне енген.
"Тізімнің алғашқы қатарында, яғни қымбат қалалар қатарында Гонконг және Сингапур қалалары тұр. Үстіміздегі жылы бұл тізім Жапонияның Осака қаласымен толықты", - деп жазады басылым.

Гүлмира Қамзиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу