Криптовалютаны құптайтындарға арналған заң шығады

Аскар Муминов Аскар Муминов
8957

Қазақстан криптовалюта заңнамасын дамытуға Грузия мен Эстония тәжірибесін негізге алып отыр.

Криптовалютаны құптайтындарға арналған заң шығады

Қазақстанда криптовалюта саласындағы заңнаманы реттеу қажеттігі туралы дау әлі жалғасып жатыр. Бұдан бұрын, осы мақсатта арнайы заңнама қабылданатын болады деп хабарланған еді, алайда уақыт өте келе бұл әңгіме жоққа шықты. Бірақ abctv.kz тиісті заңнаманың әзірленіп жатқанын анықтады. Заңнама нені қарастыратынын және қазақстандықтарды қандай тосын жағдайлар күтіп тұрғанын әзірлеушілердің бірі, блокчейн және криптотехнологияларды дамыту ұлттық қауымдастығының (БКДҰҚ) мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі вице-президенті Диас Қадыров әңгімеледі.

– Дегенмен заң әзірленіп жатыр ғой?

– БКДҰҚ құрылған кезден бастап "Кейбір заңнамалық актілерге цифрлық инновацияларды реттеу мәселесі бойынша өзгерту мен қосымшалар енгізу туралы" заңды әзірлеуге кірістік. Қазір ақпарат және коммуникация министрлігі "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және БКДҰҚ бірлесіп заң тұжырымдамасы жобасын әзірледі. Тұжырымдама мемлекеттік органдардың мақұлдауында жатыр, ол талқылау үшін электронды үкіметтің сайтында жарияланып та қойған. Түзетулер мен мақұлдаудан кейін заң парламенттің қарауына енгізілетін болады деп күтіліп отыр.

– Заң жобасының негізгі бағыттары жайлы айтсаңыз...

– Біздің басты мақсатымыз – жекелеген заң нормаларын сәйкестендіру, блокчейн, ашық мәліметтер, Yellow Pages Rules, роботтандыру және жасанды интеллект, биометрлік сәйкестендіру, краудфандинг, үлкен мәліметтер сияқты цифрлық инновацияларды қолдануға байланысты қоғамдық қатынасты реттеу.

Егер блокчейн туралы айтатын болсақ, онда ол экономиканың барлық саласын, оның ішінде қаржы, материалдық және материалдық емес активтермен операциялар, мемлекеттік қызмет көрсету, ұйымдардағы есепті қамтиды. Сондықтан тұжырымдамада технологияның мемлекетті цифрландырудағы басты рөлі жайлы, мысалы, блокчейнді дамыту "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясындағы негізгі міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.

Блокчейнді реттеу жайын сөз еткенде, негізгі бағыттар ретінде бөлінген ақпараттық жүйелерді орталықсыздандыруды, цифрлық майнингті, смарт-келісімшарттарды дамытуды, цифрлық активтер мен цифрлық қаражат қаражат айналымын токендеуді қарастырамыз.

– Жалпы криптосаланы заңнамалық реттеудің маңыздылығы неде?

– Бұл мемлекеттік қызмет көрсету және IT-қызмет нарығын дамыту саласында блокчейнді анық құқықтық реттеуі үшін қажет. Елдің энергиялық пайдасын, цифрлық экономика мен қызмет көрсету нарығының жаңа саласын іске асыру мүмкіндігін ашатын қызмет көрсетудің жаңа түрлеріне қатысты инвестициялық қызығушылықты арттыру маңызды.

АХҚО ашылғаннан кейін жаңа қаржылық технологиялар нарығын дамыту мүмкіндігі пайда болды. Қаржы орталығы ерекше құқықтық мәртебесі шеңберінде "криптобиржа" және "криптоайырбастау орындарымен" жұмыс жасау жоспары бар екенін құлағдар етті. Бұл қазақстандық IT және қаржы техникалық-нарықтар үшін де мүмкіндік береді. Цифрлық қаражатты айырбастау/төлеуді реттеу токендеудің ішкі нарығын дамытуға және смарт-келісімшарттарды енгізуге әкелуі мүмкін.

Қаржыландыруды IPO-мен ұқсас цифрлық инвестициялық активтер қосымшасы арқылы тарту шағын орта бизнесті, оның ішінде IT-стартаптар секторын дамытуға көмектеседі. Қаржыны тартудың осындай құралы мемлекет тарапынан зерттеліп жатыр.

– Мұның барлығы әзірге мемлекетке арналған басымдықтар, ал қарапайым қазақстандықтарға қандай пайдасы бар?

– Жаңа технологияларды енгізу үшін құқықтық алаң тек ақпараттандыру саласында заңдардың уақытылы бейімделуін ғана емес, сонымен қатар мүліктік құқықты қорғау, сондай-ақ мемлекеттің ұстанымын прогрессивті құқықтық тәртіп ретінде белгілеу үшін қажет. Қазақстандықтар үшін ең негізгі артықшылық осы.

Басқа елдермен салыстырғанда елдегі технологиялық стартаптардың даму қарқынының төмен болуы сын болып отыр. Цифрлық инфрақұрылымды құруда мемлекеттен қолдау қажет.

– Заң жобасының тұжырымдамасында қандай негізгі мәселелер қарастырылды?

– Құқықтық реттеудің болмауы мемлекеттік органдардың блокчейнге қатысты ұстанымдарының келіспеушілігіне әкелді. Көп жағдайда қадағалау органдары барлық жаңшылдықтардан заң бұзушылықты немесе қолданыстағы заңға қайшылықты көреді. Ұлттық банктен басқа мемлекеттік органдар технологияларды енгізуді қолдайды немесе оны енгізуге қарсы емес.

Блокчейнді енгізу тиімсіз құжат айналымы мәселесін, жылдам мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін шешіп, сондай-ақ экономика салаларының мемлекеттік сектормен өзараәрекетін жақсартып, ашық тізілімдерді құрып, жемқорлық тәуекелін жоюы мүмкін.

Егер цифрлық активтер жайын айтар болсақ, онда заң олардың құқықтық саралану мәселесін шешуі ықтимал. Бұл келісімдерді жасау мен орындау үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік беріп, әртүрлі бизнес-үдерістердегі уақыт жоғалтуды қысқартады.

Цифрлық инвестициялық активтер және олардың ITO/ICO ұсыныстары ШОБ-қа, оның ішінде IT-стартаптарға қаражат тарту құралын құрады. Виртуалды валютаны реттеу, оны қолдануға байланысты тәуекелдерді тоқтатады және АХҚО-ның қаржы технологиясы барысында жаңа құралдарды дамытады.

Заң жобасы негізінен ақпараттандыру саласындағы қазіргі заңнамаға өзгеріс енгізуді қарастырады, алайда өзгерістер салықтық және қаржылық реттеуден бастап құқықтық қорғауға дейінгі әртүрлі саланы қамтуы мүмкін.

Мониторинг нәтижесі бойынша заңдарда цифрлық инновациялар саласында құқықтық қарым-қатынас үшін қажет жүйелік реттеу мен құқықтық анықтаудың жоқ екені белгілі болды. Мұның барлығы Қазақстанның цифрландыру мен инновациялық дамуын тежеп тұр.

– Осы заң жобасы цифрлық майнинг мәселесін қамти ма?

– Әрине, цифрлық майнинг мәселесі заңды әзірлеуде үлкен жұмыстың бір бөлігі болды. Цифрлық майнингті белгілеу үшін "Ақпараттандыру туралы" салалық заңның ұғымында бекіту, операторлардың қызметін қазіргі құқықтық тәртіпке біріктіру ұсынылды.

Цифрлық майнингті анықтау үшін "Ақпараттандыру туралы" салалық заңның аппаратында ұғымдық терминді бекітуге ұсыныс жасалды. Заң цифрлық майнинг қызметіне экономикалық қызметте статистикалық мәліметтерді жүргізу, макроэкономикалық модельдеу, салықтық және кедендік есептеу түрлерін жіктеп қосуды қарастырады.

Майнинг виртуалды валюталарды түрлендіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ мұнымен ғана шектеліп қалмайды, операторлар мен дата-орталықтардың қызметіне едәуір сұранысты қалыптастырады. Бұл майнингтің құқықтық дәрежесіне, сондай-ақ операторлардың қызметіне салық салу моделіне әсер етпейді.

Цифрлық майнинг операторларының жұмысына салық салу мәліметтерді өңдеу бойынша ақпараттық коммуникациялық қызмет көрсету ретінде бағаланады. Есептеу қуатын ұсынудан түсетін кірістер, оның ішінде "виртуалды валютаны" түрлендірудегі қуаттар фиат валютада қалыптасады және табыс салығына қосылады.

Сауда және "виртуалды валютаны" фиат валютаға айырбастаудан түскен кірістер майнингтен бөлек қалыптасады және олардың басқа юрисдикцияларда сатылу негізін есепке ала отырып, салық салудың басқа түріне жатады.

Салық салушымен алынатын "виртуалды валюта" түріндегі сыйақы оның салық салынатын кірісі болмайды, халықаралық тәжірибеде солай көрсетілген.

Майнинг түсінігін құқықтық алаңға енгізу бұл қызметті виртуалды валюта деп аталатын реттеуді қолданудың ықтимал саласынан шығаруға бағытталған.

Сала виртуалды валюталарды қолдануды реттеу бөлігі бойынша рұқсат алуға байланысты шығындардың болмауынан даму әлеуетін алуы мүмкін. Майнингті қолдануға Қазақстанда тыйым салынбаған, ол жалпы азаматтық-құқықтық тәртіпте реттеледі.

Бұл "Ақпараттандыру туралы" заңның 16-бабының ақпараттандыру нысандары иелерінің құқықтары туралы қолданыстағы ережесінің бір бөлігінде көрсетілген. Ақпараттандыру нысандарын жалға беруге, сенімгерлік басқаруға, шаруашылықты жүргізуге немесе шұғыл басқаруға беруге болады.

"Виртуалды валюталарды" түрлендіруге қатысты технологиялық үдеріс емес, есептеу ресурстарын ұсыну бойынша қызмет көрсететін цифрлық майнинг операторларының жұмысы кәсіпкерлік қызмет болып есептеледі.

– Тұжырымдаманы әзірлеуде халықаралық тәжірибе ескерілді ме? Қай елдердің тәжірибесі негізге алынды?

– Әлемдік тәжірибені зерттеу бойынша үлкен жұмыс жасалды. Эстония мен Грузияның тәжірибесін негізге алдық.

Эстония блокчейнді мемлекеттік деңгейде алғаш қолдана бастаған елдердің бірі. Олар блокчейнді қолданғаннан бастап қағазбастылықтан арылған, яғни бұрын көптеген қағаз құжатты қажет ететін үдерістер тиімді іске аса бастаған. Жеке мәліметтердің қауіпсіздігі мен анықтығы артқан.

Тізілім мен мелекеттік қызметтер, оның ішінде полиция, денсаулық сақтау жүйесі және жұмыссыздықтан сақтандыру қорлары авторландырылған мәліметтермен алмаса алады. Желі осы ақпаратқа қажетті қолжеткізуді қамтамасыз етеді.

Грузияның тәжірибесі – әлемдегі тәжірибелердің алғашқыларының бірі. Олар елдің барлық жер реестрін блокчейнге көшіріп тастаған. Жерге арналған құқықты рәсімдеу үшін ұлттық агенттікке өтініш жасаған азаматтар бұрын берілген құқық туралы қағазды алады, бірақ құжатты енді қайтадан жасау мүмкін емес. Блокчейнді енгізгеннен кейін жылжымайтын мүлік саласындағы заңсыз қулықтарды іске асыруға мүмкіндік берілмейді.

Қазір Грузия барлық мемлекеттік тізілімді блокчейнге көшіру мүмкіндігін шындап қолға алып жатыр. Ашықтықты арттыру елді бизнес пен инвестиция үшін тартымды етеді.

Асқар Момынов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу