2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Құрылыс пен сауда экономиканы алға сүйреп келеді

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
3826

Байланыс саласы осы жолы "плюске" шықты.

Құрылыс пен сауда экономиканы алға сүйреп келеді

Қаңтар-сәуір аралығындағы экономикалық өсім 4,1%-ды құрады, деп хабарлайды статистика комитеті. Экономикалық өсімге түрткі болған ең алдымен инвестицияның артуы. Комитеттің мәліметінше, 2019 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2914,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 6,7%-ға артық.

Бұл жолы барлық сала "плюсте"
Жылдың алғашқы төрт айында құрылыс саласындағы өндіріс былтырғы жылдың  төрт айдына қарағанда 8,4%-ға өсіп, 625,5 млрд теңгеге жеткен. Бұл өндірістің барлық салаларының ішіндегі ең жоғары көрсеткіш болса, екінші орында сауда. Республика бойынша сауданың көлемі қаңтар-сәуір аралығында 7,3%-ға өскені байқалады.

Соның ішінде бөлшек сауда көлемі 3 трлн 55,6 млрд теңгені құрап былтырғы осы уақыттағыдан 5,3%-ға ұлғайса, көтерме сауда көлемі 6 трлн 506,6 млрд теңгеге жетіп 8%-ға көбейді.

Ал сыртқы сауда айналымы 20 млрд 361 млн АҚШ долларын құрап, 2018 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 3,7% азайып кеткен. Соның ішінде экспорт 13 млрд 313,8 млн АҚШ долларын құрап 4,3%-ға кемісе, импорт  2,7%-ға азайып 7 млрд 047,2 млн АҚШ долларына тең болды.

Өз кезегінде байланыс саласы төрт айда 5 пайыздық өсім көрсетіп отыр. Әдетте, "минуста" жүретін байланыс саласы үшін 2019 жыл айтарлықтай жемісті басталып отыр.

Сонымен қатар, көлік саласы бойынша нақты көлем индексі 104,8% құрады. Алғашқы төрт айдағы жүк айналымының көлемі 2018 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 1,9%-ға артты. Жолаушылар айналымының көлемі 4,1%-ға ұлғайды.

3-4 пайыз аралығынан таймайтын ауыл шаруашылығы да осы жолы тұрақты өсімінен айныған жоқ. Қаңтар-сәуір аралығында ауыл, орман және балық шаруашылығы - жалпы өнімінің көлемі 615,8 млрд теңгені құрап, 2018 жылғы қаңтар-сәуірдегі көрсеткіштен 3,6%-ға өсті.

"2019 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 9 трлн 294,4 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 2,9%-ға артық. Кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 2,6%, өңдеу өнеркәсібінде 3,5%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,2%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 12,7%-ға артты", деп хабарлайды статистика комитеті.

Әлеуметтік сектор
2019 жылғы наурызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 98566 теңгені құрады, бұл 2018 жылғы наурызға қарағанда 15%-ға жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 9,7%-ға (алдын ала деректер) артты.

"2019 жылғы сәуірде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 170 087 теңгені құрады",- деп жазады статистика комитеті.

2019 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 442,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санымен салыстырғанда 4,8% болды. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2019 жылғы сәуірдің соңына 160,7 мың адам болды немесе жұмыс күшімен салыстырғанда 1,8%.

Тұтыну бағасының индексі 2019 жылғы сәуірде 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,8%-ды құрады. Азық-түлік тауарларына арналған бағалар – 4,8%-ға, азық-түлік емес тауарлар бағасы 1,3%-ға өсті, ал халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы 1,2%-ға төмендеді. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2019 жылғы сәуірде 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,4%-ға жоғарылады.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу