Меморгандар мемлекеттік сатып алуды тек "бір көз" арқылы өткізуге мүдделі болып отыр

2581

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин мемлекеттік сатып алу саласындағы басты проблемаларды атады, деп хабарлайды Inbusiness.kz

Меморгандар мемлекеттік сатып алуды тек "бір көз" арқылы өткізуге мүдделі болып отыр

"Әрине, проблема бар. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алуларға қойылатын аса көп талап, белгілі бір тасымалдаушылардың мүдделеріне лобби жасау, сатып алуды қайтара өткізбеу үшін жалған бәсекелестік құру үшін өтірік бәсекелетермен ауыз жаласу, тапсырыс беруші тарапынан мемлекеттің мүддесін ойламау", деді Серік Жұманғарин ҚазАқпарат агенттігінің youtube арнасы арқылы таратылған Оpen Space іс-шарасында.

Оның айтуынша, ең басты проблема – заңнамада мемлекеттік органдарға мемлекеттік сатып алуды бір көзден өткізуге (яғни тікелей келісімшарт арқылы) мүмкіндік беретін 52 негіздеме бар. Осыған байланысты монополияға қарсы заңнамаға тиісті өзгерістерді енгізу туралы ұсыныс әзірленіп жатыр. Агенттік ең бірінші кезекте бір көзден алу көрсеткіштерін азайтуды көздеп отыр. Осы мақсатта заңнамадан бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін 52 негіздеменің 25-ін жою жөнінде ұсыныстар берген.

"Осыған келгенде мемлекеттік органдардың тарапынан аса қатты қарсылықты білініп, олар өре түрегелді. 17 негіздемені мүлде алып тастауды ойлағанбыз. Өкінішке қарай, үшеуін ғана жою қолдан келді. ҚР заңнамасына бекітілген ереже бойынша тауарды алу қызметі алынды. Бұдан былай бұл қызмет бір көзден жүзеге асырылмайтын болды – бәсекелік ортаға берілді. Әлбетте, бұл осы бағыттағы алғашқы қадамдар. Бұл өзгерістердің бәрі бірден бола кетпейтіні белгілі", – деді ол.

Серік Жұманғарин 3 негіздемені алып тастау, 6 негіздеме бойынша өзара мақұлдаса отырып мемлекеттік сатып алуды жүргізудің арқасында жыл сайын 50 млрд теңге үнемделетінін айтады. 

"Үнемдеу дегеніміз не? Яғни осы 50 млрд теңгелік сома бәсеке ортасына беріледі. Яғни онда конкурстар жарияланады", – дейді ол.

Аян Бекенұлы
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу