ӨКМ операторы: "Шымкент – ескі көліктерді утилизациялау бойынша көшбасшы"

4994

Биыл елімізде утилизация бағдарламасының екі бағыты бойынша отыз бес мың ескі көлік жиналған.

ӨКМ операторы: "Шымкент – ескі көліктерді утилизациялау бойынша көшбасшы"

Өткен айдың 21 қарашасында көліктерді утилизациялау бағдарламасының ашылғанына бір жыл толды. BNews порталындағы онлайн-конференция барысында "ӨКМ оператор" ЖШС-ның басқарушы директоры Рустам Темірбек бағдарламаның қорытындысын шығарды. Оның айтуынша, бұл бағдарламаны белсенді іске асырған қалалардың үштігінде Шымкент қаласы көш бастап тұр.

"Рейтингтің ең жоғарғы орнында үнемі Шымкент қаласы тұрды. Бұл қалада ең көп көлік жиналған, шатаспасам, барлық жиналған көліктің шамамен 40-45 пайызын құрайды", – деді Рустам Темірбек. Сондай-ақ алғашқы үштікке Павлодар және Қостанай қалалары кірген.

Ол бір жыл ішінде бағдарламада өзгерістер болғанын да еске салып өтті. Егер бұрын көлік әуесқойлары көліктері үшін тек ақшалай өтемақы алған болса, яғни толық жинақталған көлік үшін 150 мың теңге, жартылай жинақталған көлік үшін 48 мың теңге алған болатын. Ал қазір көлік әуесқойлары ақшалай өтемақыны немесе отандық жинақтан шыққан жаңа көлікті сатып алуға жартылай төлем жасайтын сертификатты таңдай алады.

Бастапқы шарт бойынша тек жеңіл көлікті өткізуге болатын, ал қазір  утилизацияға жолаушылар және жүк көліктері қабылданады. Жолаушылар көлігі үшін 450 мыңға, ал жүк көлігі үшін 650 мың теңгеге жеңілдік сертификатын алуға болады. Бұл жаңа ереже осы жылдың маусым айында енгізілген.

Сонымен қатар қосымша бонус та бар. Көлік иесі утилизацияға жүк көлігін жіберген күннің өзінде алған сертификатын жеңіл көлік алу үшін қолдана алады. Тіпті екінші сертификат болса, онда екеуін де бір көлік алу үшін қолдануға болады. Осының нәтижесінде кем дегенде бір 1 млн 300 мыңға жеңілдік алуға болады.

Тап қазіргі уақытта сертификат алудан гөрі сатып алуға деген өтінім көп. Осы жылы автокөлікті сатып алу бағдарламасы бойынша энергетика министрлігі 34 мыңға жуық өтінішті қанағаттандыруға қаржы бөлген және қазір бағдарламаның осы бөлігі бойынша 30 мың көлік жиналған.

Сертификаттауға  бағдарламаның жаңа бағыты бойынша осы жылға берілген 23 мың өтініштің ішінен төрт жарым мыңы іріктеліп алынды. Оның ішінде 1900 сертификаттың иесі отандық автосалондардан көлік сатып алған. Қалған сертификаттар жылдың соңына дейін беріледі. Егер 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін олар таңдалмайтын болса, онда  келесі жылға қалады.

Алайда Рустам Темірбек жақында сертификаттау бағдарламасына өтініштің көбейетініне сенімді.

"Қазір сертификаттау бағдарламасы  жақсы қолданылуда, динамикаға қарап отырмыз, өсу байқалып отыр. Адамдар қызығушылық танытып, бұл бағдарлама жайында сұрап жатыр және көбісі сертификаттау бойынша бағдарламаны таңдауда", – деп нақтылады ол.

Бұл сертифаттарды тек екі рет қана көшіріп жазуға болады.

"Келісімнің қалай жасалатынын білмеймін, бірақ бізде сертификатты екі рет жазып беру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл сертификаттарды бірнеше рет қолданбас үшін осындай шектеу қойдық", – деп түсіндірді.

Сертификат 12 айға жарамды. Егер сертификаттың иесі оны көп уақыт бойы қолданбайтын болса, онда оған сертификатты  жыл соңына дейін жарату керектігі туралы смс хабарлама келеді.

Еске сала кетер болсақ, осы жылдың наурыз айында Atameken Business-ге сұхбат бергенде Рустам Темірбек жыл соңына дейін 40 мың ескі көлік  жинау жоспары бар екенін айтқан болатын. Нәтижесінде қараша айының соңында екі бағыт бойынша жиналған көліктің саны шамамен 35 мың бірлікті құрады.

Гүлназ Ермағанбетова, Дарья Покидаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу