Cалық төлеуге емес, қарыз өтеуге екі есе артық ақша жұмсалады

Орташа өмір сүретін отбасының табысындағы тікелей мемлекеттік демеуқаржының үлесі 10 жылдық рекордқа жетті.

Cалық төлеуге емес, қарыз  өтеуге екі есе артық ақша жұмсалады

Халыққа үйреніп қалған өмір салтынан шығу қиын, ал бұл қарызға белшесінен батуға әкеледі.

I тоқсанда қазақстандықтар өздерінің қаражат қорын айтарлықтай жұмсап қойып, банктерден қарыз алуды белсенді түрде жалғастырған. Қарызға қызмет көрсетуге арналған шығыстар отбасылық бюджеттің жиырмасыншы бөлігін жеп, жылдық көрсеткіште 12%-ға өскен деп есептеп шығарды Ұлттық банк.  

Қазақстандықтар ақшаны жинағаннан гөрі, қарызды екі есе жылдам алады. Негізінен былтырғы жылдың қорытындысы бойынша несие берешегі мен ақша қоры (депозиттер мен қолма-қол ақшаны қоса алағанда) тиісінше 11,7% және 5% болған. Абсолюттік мәндегі жаңа несиелердің көлемі 481,5 млрд теңге болған салымдар өсімімен салыстырғанда 520,1 млрд теңге болған. Тұтынушылар шығыны инфляцияның қысымымен өсуде, ресми статистикаға сүйенер болсақ, халықтың шығынды қысқарту мүмкіндігі немесе қысқартатын ойы жоқ сияқты.

Қарыздарға қызмет көрсетуге арналған шығыс қазақстандықтардың салықтық аударымдарына  (2018 жылдың I тоқсанында бір үй шаруашылығына 13,33 мың теңге) қарағанда екі есе көп. Қазақстандық орташа отбасының жалпы табысы 495, 32 мың теңге болғанда, салықтық жүктеме 2,7% болғаны бірқатар күмән келтіреді. Мысалы, халықаралық валюта қорының стандарты бойынша Қазақстанның үй шаруашылығы қаржылық орнықтылығы индексінде қандай нақты аударымдар ескерілген. 

Биылғы жылдың I тоқсанында қазақстандықтардың ақша "қоры" 2,6%-ға немесе 260 млрд теңгеге азайған, ал жеке несие беру көлемі тағы да 35 млрд теңгеге өсіп, 4,99 трлн теңгеге дейін жеткен, яғни бір қазақстандыққа 274 мың теңгеден келеді деген сөз. Номиналдық және нақты көрсеткіш бойынша елдегі жалақы соңғы үш жылда бірінші рет қаңтар-наурыз айында өскен. Алайда сәуір мен мамыр айында қайта азайған.

Қазіргі орын алып отырған жағдай үкіметте алаңдаушылық тудырып отыр. Үкімет былтырғы жылдан бастап ұлттық табысты кедейлер мен әлеуметтік жағдайы нашар адамдар тобына қайта бөлуге бар күшін салуда. 2017 жылдың желтоқсанында мемлекеттік демеуқаржы әрбір үшінші қазақстандық отбасының табыс құрылымына кірді деп көрсетілген GfK Kazakhstan-ның Ұлттық банк үшін әзірлеген сауалнамасында. Бюджеттен трансферттерге бөлінген қаражат көлемі орташа қазақстандық үйшаруашылығы отбасының орташа табысының 22%-ын құрады немесе 108,8 мың теңге болды деп көрсетілген реттеушінің қаржылық орнықтылығы  көрсеткішінде.

Биылғы жылдың екінші жартыжылдығында мемлекеттік демеуқаржы тағы өседі. 1 шілдеден бастап зейнетақының базалық мөлшерін еңбек өтілімен есептеп аудару тәсілі өзгерді. Қазақстан үкіметінің есептеуі бойынша, бұл зейнеткерлерге жыл сайын төленетін төлемді 1,7 есе немесе жыл сайын 750 млн долларға арттырады. Әрбір 18- зейнеткер немесе 120 мыңға жуық адам бұл реформадан тыс қалады.

Гүлназ Ермағанбетова, Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу