Сапасыз импорт: Бішкек үздіктер қатарына қосылды

2053

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қырғыз импортының сапасы күрт нашарлап кеткенін айтты.

Сапасыз импорт: Бішкек үздіктер қатарына қосылды

"Қырғыз өнімдері сапасының нашарлау тенденциясы байқалуда. Былтыр қырғыз өнімдерінің 4%-ы техникалық регламентке сәйкес келмесе, биыл бұл көрсеткіш 10%-ды құрады. Яғни өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі екі жарым есеге төмендеді", – деп мәлімдеді Қазақстанның бас санитар дәрігері.  

Оның сөзінше, жалпы импорт көлеміндегі сапасыз өнімдерді есепке алсақ, Қазақстанға сапасыз өнім импорттайтын елдердің арасында Бішкек Ресей Федерациясынан кейінгі екінші орынға шықты.

Жандарбек Бекшин Қырғызстан аталған "антирейтингте" өзін нағыз көшбасшысы деп есептей беруіне болатынын баяндады.  

"Ресейден жеткізілетін өнім көлемі едәуір көп екенін түсініп отырған шығарсыздар. Сондықтан оның арасында жағымсыз өнімнің көп кездесуі заңдылық", – деді ол.

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің пікірінше, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ бойынша ең жақын көршісі Қырғызстанға қатысты болжаған жағымсыз сценарийі орындалып отыр. Шекарадағы кедендік және басқа да тексеру түрлерін қатаңдату сапасыз өнім мен контрафактілік оқиғалардың көбейгенін растай түскен.

"ЕАЭО құрамына кіргенге дейін Бішкек жыл сайын өнімнің 1500-ден астам түрін декларациялап, сертификаттайтын. 2016 жылдың қорытындысында барлығы 242, ал осы жылдың 10 айында 126 өнімді декларациялап,   сертификаттаған", – деді Жандарбек Бекшин.

"Олар өнімдерді декларациялауды 12 есе қысқартқан. Соның салдарынан контрабанда белең алған. Біз мұны растаймыз. Мұндай жағдай былтыр да қайталанған. Өткен жылы өнімнің үш түрін әкелуге тыйым салған едік. Сол жағдай қазір де қайталанып отыр. Біз арнайы зерттеу жүргізіп, тек қана қазан айында қырғыз өнімдерінің ішінен азық-түлік тауарларының 23,4%-ы техникалық регламентке сәйкес келмейтінін анықтадық. Ал регламентке сай келмейтін жеңіл өнеркәсіп тауарларының үлесі – 44%. Яғни әрбір екінші-үшінші сынама тенхикалық регламентке сай емес", – деді Жандарбек Бекшин.

Осыған байланысты ол Қырғызстаннан жеткізілетін тауарларды өзі басқарып отырған ведомствамен қатар ауыл шаруашылығы министрлігі мен қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті қатаң тексеруге тиіс деп есептейді.

"2015 жылдың тамыз айынан бастап мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ бөлігінде санитарлық-карантиндік, ветеринарлық-санитариялық және фитосанитарлық бақылау жүргізу алынып тасталды. Содан бастап Қырғызстаннан жеткізілетін азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын  тауарлардың заңсыз айналымы артты", – деді Жандарбек Бекшин.

"Осыған байланысты ауыл шаруашылығы министрлігі, кеден, салық органдарымен бірлесіп, қырғыз өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін ерекше бақылауға алды. Қазан айының қорытындысына сәйкес,  мен Қырғыз Республикасының үш өндірушісінің кондитерлік, ет және сүт өнімін сату мен әкелуді тоқтату туралы қаулы шығардым",  – деп қосты ол.

Биыл тек қырғыздың өнімі ғана емес, сонымен қатар ресейлік құс етін өндіруші "Курников" АҰ,  "Ставропольский бройлер" ЖАҚ және "Благояр" компаниясының өнімін әкелу мен сатуға тыйым салынған. Олардың өнімі микробиологиялық көрсеткішке сай болмаған, яғни өнімдегі судың нормасы шектен тыс көп болған.   

"Биылғы жылдың тоғыз айында сырттан тауар тасымалдаумен айналысатын  жосықсыз 50 қатысушы анықталды. Олар өнімнің 50 мыңнан астам түрін ұсынған. Олардың қатарында қауіпсіздік тұрғысынан алғанда маңызды деп саналатын азық-түлік, балалар ойыншықтары бар. Мониторинг жүргізу барысында бес тоннадан артық өнімді анықтап, саудадан алып тастадық. Біз одан басқа 146 қатысушының өнім декларациясына жаппай тексеру жүргіздік. Олардың 12 -сі  әкімшілік жауапқа тартылса, үш қатысушының материалы экономикалық сотқа жолданды", – деді денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Сатылып жатқан өнімнің сапасын қашықтықтан бақылаудың тағы бір түрі – тексеру сатып алулар. Мұны іске асыру үшін бюджеттен 60 млн теңге ақша бөлінген.

"Тоғыз ай ішінде тексерудің осы түрі арқылы 26 мыңнан астам өнімнің сынамасын алдық, олардың ішінен 7,2%-ы техникалық регламент талабына сай келмеді", – деді Жандарбек Бекшин.

"Бұл жерле ең бірінші кезекте ет өнімі – 27%, шұжық және кулинарлық өнім – 25%, нан және нан өнімдері – 23,7%, балық өнімі – 21,5%", - деп нақтылады ол.

Сондай-ақ комитеттің зертханалары өнімдегі "ДНҚ-ны анықтау әдісін" үйренді, биылғы жылы зертхананың мамандары еттің 40 үлгісінен "шошқаның анықталмаған ДНҚ-сын" тапты.

"Осы тәсіл бір желіде өндірілетін халал өніміне де қолданылды", – деп сендірді сипкер.

"Комитет өндірушілердің атына жазбаша хабарлама жіберді. Олардың жасаған тексерісінің нәтижесінде құрамынан ет табылмаған 38 тонна өнім сатылымнан алынып тасталды", – деп қорытты ол өз ойын.

Гүлназ Ермағанбетова, Игорь Воротной

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу