ШОБ жыл аяғына дейін бірнеше төлем мен салықтан босатылады

14011

Несиенің 6 айыздық мөлшермелесін мемлекет субсидиялайды.

ШОБ жыл аяғына дейін бірнеше төлем мен салықтан босатылады

Ұлттық банк ШОБ нысандарының қаражат айналымын толықтыруға 800 млрд теңге шығындайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда сол үшін қосымша 200 млрд теңге бөлуді тапсырды.

"Шағын және орта бизнес пандемияның негізгі соққысын өзіне қабылдап, күрделі кезеңді өткеруде. Індеттің жағымсыз экономикалық әсерін еңсеру үшін 700 мыңнан астам кәсіпкерге салық жеңілдігі ұсынылған болатын. Төлемдер шегеріліп, несиелерін жеңілдетілген шартпен қайта қаржыландыруға мүмкіндік берілді. Бірақ жағдай әлі қиын. Шағын және орта бизнеске қосымша көмек ретінде экономиканың зардап шеккен саласына жататын ШОБ нысандарының әрекеттегі несиесі бойынша пайыздық мөлшерлеменің 6 пайызына дейін мемлекеттік субсидиялауды тапсырамын. Субсидия 12 айлық мерзімді қамтуы, яғни төтенше жағдай режимі жарияланған 16 наурыздан бастап есептелуі керек. Ұлттық банк экономиканың ең көп зардап шеккен салалары бойынша ШОБ нысандарының айналым қаражатын толықтыру бағдарламасын іске асыруда. Бұл жолғы дағдарыс жағдайында аталмыш бағдарламаның мерзімін 2021 жылға дейін ұзартып, қамту аясын кеңейту тапсырылды. Бұл мақсаттарға қосымша 200 млрд теңге қарастырылып, бағдарламаның жалпы көлемін 800 млрд теңгеге жеткізген жөн. Сондай-ақ, ШОБ өңілдерінің мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарға жылжымайтын мүлік бойынша өтейтін арендалық төлемдерін жыл аяғына дейін тоқтатуды тапсырамын. Бүгінгі жағдайда жұмыспен қамту және халықтың табысын сақтау – абсолютті басым бағыт. Сондықтан бұл кезеңде барынша зардап шеккенсаланың ШОБ нысандары үшін еңбек ақысын өтеу қорына түсетін жүктемені төмендету маңызды. Бизнестің аталмыш санаты бойынша жыл аяғына дейін еңбекақы төлемдерінен алынатын салымдарды жоюды тапсырамын", – деді Мемлекет басшысы. 

Есжан Ботақара 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу