Тәшкентте конвертация енгізілген соң баға күрт өседі деген үрей бар

Асқар Момынов Асқар Момынов
4716

Өзбекстан президенті валюта саясатында үлкен ырықтандыруды бастады.

Тәшкентте конвертация енгізілген соң баға күрт өседі деген үрей бар

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында көптен күткен шешім - еркін айналымды енгізуге қол қойды. Бұл туралы сарапшылар Шавкат Мирзиёев президент болған кезден бастап айтқан болатын.

Шавкат Мирзиёевтың жарлығына сәйкес, 2017 жылдың 5 қыркүйегінен бастап Өзбекстанның заңды тұлғалары ағымдағы халықаралық операциялар бойынша төлем жасау (тауар импорты, жұмыс және қызмет көрсету, табысты қайтару, несиені төлеу, іссапар шығындарын төлеу және сауда емес сипаттағы басқа аударымдар) үшін коммерциялық банктерден шетелдік валютаны шектеусіз сатып ала алады.

Өзбекстан резиденттері болып табылатын жеке тұлғалар айырбастау пунктерінде шетелдік валютаны еркін сату құқығына ие болды, бірақ олар шетелдік валютаны сатып алғаннан кейін оны тек пластикалық карталарда ұстай алады, ал картаны шетелде  қолдануға шек қойылмайды.

Заңгерлік білімі жоқ тұтынушылық тауарлар импортымен айналысатын жеке кәсіпкерлерге шетелдік валютаны жеке тұлғалар үшін бекітілген тәртіпте банк шоттары арқылы алуға рұқсат беріледі. Олардың меншік нысанына қарамастан, экспорттаушыларға тапқан табысты міндетті түрде шетелдік валютада сату туралы талап жойылады. 2017 жылдың тамыз айына дейін олар түскен соманың  25%-ын  ресми бағам бойынша конвертациялайтын, ал валютаны тек биржалық нарықтан ғана сатып алуға болатын.

Шетелдік валютада табыс табатын заңгерлік білімі жоқ жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ шаруа қожалықтары шетелдік валютаны өздерінің банктегі шотынан қолма қол шешіп ала алады.

Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық тәжірибеге сәйкес, халықаралық төлем карталарымен төлем жасаудан басқа, яғни тауарларға (жұмыс пен қызмет көрсету) шетелдік валютамен төлем жасауға тыйым салынған.  

Іскери ортаны жақсарту үшін
Өзбекстан үкіметі өздерінің бұл шешімін валюталық реттеудің нарықтық механизмдерін енгізу, елдің экспорттық әлеуетін ынталандыру, тікелей шетелдік инвестицияларды белсенді тарту, өндірушілердің  ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, елдегі инвестициялық ахуал мен  іскери ортаны жақсарту үшін қабылдағанын айтты.

Өзбекстанның таяу арада еркін айналымды енгізетіні тамыз айының ортасында белгілі болған еді. Сол кезде қара нарықтағы сомның бағамы күрт түсіп кетті. Небәрі екі апта ішінде, яғни 1 тамыздан 14 тамыз аралығында нақты бағам бірден 20%-ға түскен. Сонымен бірге Өзбекстан үкіметі екі жыл бойы жоспарлы түрде валютаны құнсыздандырған. 2016 жылы сомның долларға шаққандағы ресми бағамы 13%-ға түсіп, 2016 жылдың 1 қаңтарындағы бір доллар үшін 2809,98 сомнан 2017 жылдың 1 қаңтарында бір доллар бағасы 3231,48 сомға дейін жеткен. 2017 жылдан бастап бағам 23%-ға төмендеп, 4 қыркүйек күні бір доллар 4210,35 сомаға дейін жеткен.

5 қыркүйектен бастап бағам 50%-ға дейін төмендеп, қара нарық көрсеткішіне жетіп, бір доллар шамамен 7000-8000 сом болады деп болжануда. Осыған байланысты соңғы күндері Тәшкенттегі жұрт даурығып жатыр. Жұрт баға күрт өседі деп қорқып, тұрмыстық техниканы, азық-түлікті бұрынғы бағамен сатып алуда. Өзбек елінің астанасындағы abctv.kz дереккөзінің хабарлауынша, бүгін таңертеңнен бастап ірі супермаркет пен тұрмыстық техника дүкендерінің алдына адамдардың қаптап тұрған.

Өзбек азаматтарының баға өседі деуіне әлеуметтік желілер мен өзбек электронды баспасының ресми парақшасында жазылған пікірлер де куә. Қобалжу болғанына қарамастан, көбісі еркін айналым туралы шешімнің кешігіп шыққанын айтады, дәл осы еркін айналымның болмауын сарапшылардың көбісі өзбек экономикасының даму жолындағы ең басты кедергі деп атап көрсетті.

Өзбекстанда 1996 жылы сол кездегі көшбасшы Ислам Кәрімовтің жеке тапсырмасымен қосарлы валюта бағамы енгізілген болатын. Бағамдардың айырмасы есебінен қосарлы валюта жергілікті элитаға саусағының ұшын қимылдатпастан-ақ едәуір табыс табуға мүмкіндік берген. Банктерде ресми бағам бойынша доллар сату белгілі адамдар тобының қатаң бақылауына алынған. Сонымен қатар конвертацияның болмауы шетелдік инвесторлардың елден кетуіне әкелді. Өйткені олар ақша операциясын ашық жасай алмады, ал ресми бағам бойынша жұмыс істеу инвесторлар үшін тиімсіз болды.

Әлем Өзбекстанның тәуекелі әлсіз деп бағалайды
Тап осы орайда Moody’s халықаралық рейтингтік агенттігінің бағалауына сәйкес, өзбек банк жүйесі валютаны тез ырықтандыратын сияқты. Ұйымның Өзбекстанға арналған соңғы есебінде ішкі инвестициялар мен мемлекеттік шығындардың жоғары деңгейі, сондай-ақ еңбек жалақысы мен зейнетақының өсуі мен шетелден түскен ақша айналымының есебінен тұтыну деңгейінің  артуы өзбек банктеріне қолайлы жағдай жасап, белгілі бір дәрежеде ұлттық валютаның әлсіздігін өтейді деп жазылған. Сондай-ақ агенттік сомның жылдам құнсыздануы валюталық табысы жоқ, шетелдік валютада қарыз алғандардың несиелік тәуекелін күшейтті. Алайда бұл көбінесе, қажеттілік туындаса мемлекет қолдауына сенетін ірі мемлекеттік кәсіпорындар.  

Халықаралық валюта қоры болса реформа тұрақты монетарлық саясатқа көшуге және инфляцияны тиімді қадағалауға мүмкіндік береді деп отыр. ХВҚ өзбек үкіметіне мемлкеттік компаниялар мен мемлекеттік банктердің қайта құрылымдауын өткізуді ұсынды. 

Валюта саясатын ырықтандыру қажет екенін Шавкат Мирзиёев сайлау алдындағы бағдарламасында айтқан. Алайда еркін айналымды енгізу үнемі кейінге қалдырыла берді. БАҚ Өзбекстан үкіметінің жоғары шенді дереккөзіне сілтеме жасап, валюта саясатының бірден ырықтандыруға арнайы қызмет басшысы Рүстем Иноятов қарсы шықты деп ақпар берген, ал бұл адам өз елінде үлкен беделге ие. Бірақ та қазіргі президент барлығының көзін реформа жасау қажет екендігіне жетізген.  

Тәшкент экономикалық даму орталығының директоры Юлий Юсупов болса,  билік валюта нарығын ырықтандыру арқылы кері әсерлерді азайтуға тырысады деп есептейді. Ол Өзбекстан президентінің жарлығында кедендік төлемдердің оңтайландыру қажеттігі қарастырылғанын айтты. Олар ресми бағам бойынша соммен есеп айырысады. Сондықтан девальвация барысында кедендік төлемдер қатты өседі, ал бұл импорттық тауар бағасынан көрініс табады. Оның айтуынша, кедендік төлемдерді айтарлықтай қысқарту керек.  Ал үкімет осы бағытта жұмыс жасап жатыр. Өзбекстанның операторлары мен интернет-провайдерлері 5 қыркүйектен бастап сомалық тарифтеу қызметіне көшеді, бірақ 4 қыркүйек күнгі бағамды қолданады. Сондай-ақ ресми бағамның құнсыздануынан кейін операторлар сомалық бағаны қалай көтергені маңызды болып отыр. Автоөнеркәсіп және өзбек авиажелілері өкілдері де осындай өтініш жасайды деп күтілуде.

Таңқаларлық ештеңе болмайды
Орта Азия елдерінің экономикалық зерттеу институтының сарапшысы Әлішер Хамидов жеке тұлғалардың валютаны сатып алуына қойылған шектеу уақыт өте келе жойылады деп ойлайды. Әзірге жеке тұлғалар сатып алған долларын қолма қол шешіп алу құқынсыз картаға аудару шартымен сатып алып жатыр. Алайда сарапшының ойынша, осы жасалған қадамның өзі айтарлықтай жақсы жаңалық, өйткені Өзбекстанның осы уақытқа дейінгі валюта саясаты ескі болған еді. Ал экономикалық тұрғыдан әлсіз дамып жатқан көршілес елдердің өзі еркін айналымға баяғыда көшкен.

"Керемет бір өзгеріс болып, экономика бірден өседі деуге болмайды, үкімет валюталық шектеулермен қатар бизнеске кедергі келтіретін көптеген нәрселерді жоюы керек. Оның ішінде шетелдік инвестицияларды сақтауға кепіл беруі қажет. Бұл өзбек экономикасын халықаралық сауда қатынастары жүйесіне енгізу үшін маңызды қадам. Елді Ислам Кәрімов басқарып тұрған кезде елдің экономикасы кеңес кезіндегідей және жоспарлы болған еді, енді оны жаңғыртуға әрекет жасалып жатыр. Бірақ та бұл жұмыстың басы ғана, өйткені көптеген посткеңестік республикалар валюталық реформаны 1990 жылдардың ортасында жүргізіп, қазір тұрақты валюта нарығына ие болып отыр", – деді Әлішер Хамитов.  

Конвертацияны енгізу Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда динамикасына әсер етуі мүмкін. Бұрын Өзбекстанда жұмыс істеген қазақ инвесторлары бұл елде конвертацияның болмауынан бизнес жүргізу қиын екенін айтқан болатын. Тәшкенттің көршілес елдерге жеміс-көкөніс өнімдерін шығаруға шектеуді алып тастағанын ескеретін болсақ, валюта саясатын ырықтандыру екі ел арасындағы экспорттық-импорттық операцияларды жандандыруы мүмкін. Алайда бұл шешімнің әлеуетті тәуекелдері де болуы ғажап емес, өйткені шетелдік инвесторлар үшін тағы да бір әлеуетті азиялық нарық ашылмақ, ал бұл олардың Қазақстаннан Өзбекстанға ауып кетуіне әкелуі мүмкін.

Бұған дейін мұндай тәуекелдерді ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов CFO саммитінде айтқан болатын.

"Қазір өзгеріп, экономикалық даму жолына түскен Өзбекстанды көріп отырмыз. Бұл – өршіл ел.  Өзбекстанның аяққа нық тұруы біз үшін үлкен сынақ болмақ. Біз Қазақстанның өңірлік басшы болғанына үйреніп қалдық. Ал бұл енді өзгеруі мүмкін. Енді инвестиция, нарық үшін күрес басталуы мүмкін", – деді сол кезде министр.

Сарапшылар конвертацияны енгізу – бұл жаңа өзбек әкімшілігінің 2016 жылдың желтоқсанында билік басына келгеннен бергі қабылдаған үлкен шешімі деп атап көрсетті.

Гүлназ Ермағанбетова, Асқар Момынов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу