Темір жол билеті 5,7%-ға қымбаттады

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
4144

Темір жол билеті 5,7%-ға қымбаттады

Биылғы жылдың алғашқы алты айында "Жолаушылар тасымалы" АҚ 10,5 млн жолаушы тасымалдады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3%-ға кем көрсеткіш.

Бір жылда темір жол билеті 5,7%-ға қымбаттады. Ал билет тапшылығы жойылған жоқ. Осыған наразы болған әлеуметтік желі қолданушылары ұлттық компания басшыларын қойып, тікелей Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа шағымданды.

"Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр", – деп жазды мемлекет басшысы twitter әлеуметтік желісіне.

Өз кезегінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ алыпсатарлықтың салдарынан туатын билет тапшылығына тосқауыл қою үшін шілде айының алғашқы күнінен бастап электронды билет сату жүйесіне өзгеріс енгізді. Іс барысында

электронды билет саудасына "Күту парағы" деп аталатын жаңа интернет-сервис қосылды. Осылайша алыпсатарлардың темір жол билеттерін жаппай сатып алуына және қымбат бағаға қайта сатуына шектеу қоюға қадам жасалды. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі: "Жаңа жүйенің қызметін 5 мыңнан астам адам сәтті пайдаланды. "Күту парағы" интернет-сервисі теміржол билетін белгілі уақыт аралығында ғана сатылымға түсіреді. Уақытты автоматтандырылған жүйе өзі есептейді. Егер кассир 30 секундта 5 сұраныс жасаса, билет сату тоқтатылады. Бір мезетте 3 билетке тапсырыс берсе, жүйе 5 минутқа бұғатталады. "Күту парағы" компанияға қарасты барлық кассаларда жұмыс істейді. Билет тапшы бол­­ған жағдайда жолаушыға "Күту парағына тіркелу қажет. Осылай жасаған жолаушыға билет пайда болған кезде электронды хабарлама жолданады. Жолаушы 2  сағат ішінде билетті компанияға қарасты кез-кел­ген кассадан сатып алуы керек. Көрсетілген уақытта билет сатып алынбаса, жол жүру құжаты кезекте тұрған келесі жолаушыға ұсынылады. Болашақта "Күту парағы" электронды билет сататын сайттарға да енгізіледі", – деп хабарлады.

"Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары
Қанат Әлмағанбетовтың сөзінше, билет тапшылығын көлденең табыс сатып алған билеттерін уақыт өте келе қымбат бағаға сатады.

Белгілі болғандай, "Жолаушылар тасы­ма­лы" АҚ-ның 233 кассасы бар. Әр касса бей­не­бақылау арқылы қадағаланады. Сондықтан бұл жерде заңсыздыққа жол берілмейді. Ал жекеменшік кассалардың саны 4,5 мыңнан асады. "Жолаушылар тасы­ма­лы" АҚ олардың қызметін қадағалай алмайды. Алыпсатар­лар осындай кассалардан алдын ала 20-30 билет са­тып алады.  Кейін оны вок­­залдар­ды аралап жүріп сатады.

"Ұлттық тасы­мал­­даушы жол жүру билеттерін тек ресми кассалар мен арнайы сайттардан ғана сатып алу қажеттігін ескертеді", – деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жоғарыда саны көрсетілген кассалардан бөлек жол жүру билеттері 4 мыңнан астам терминал және 10 интернет-ресурс арқылы сатылады.

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу