Валюта нарығы: Резервтер есебінен өсу
KASE валюталық нарығы 1 тамыз бен 5 тамыз аралығында бұның алдындағы мұнай бағасының төмендеуі мен ресейлік рубльдің ұлттық валютаға қысым жасаған аптасымен салыстырғанда оң динамиканы көрсетті. АҚШ доллары бағамы бір күн ішінде 3,14 тиынға төмендеп, аптаның соңында бір доллар үшін 348,99 теңгені құрады. Ресейдің рублі 2 тиынға артып, бір рубль үшін 5,34 теңге болды. Қытайлық юань 0,54 теңгеге арзандап, бір юань үшін 52,49 теңгені құрады.
Қазақстан Ұлттық банксінің жалпы халықаралық резервтері 2016 жылдың шілде айының соңында, яғни, бір ай ішінде еш өзгерместен 30,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Еліміздің Ұлттық қор активтерін шетелдік валютада өзіне қосып алған халықаралық жиынтық резервтеріміз бір ай ішінде 1,1 %-ға, яғни 95,2 млрд. АҚШ долларына төмендеді. Аталған көрсеткіштің жыл басынан артуы 4,2 %-ды құрады.
Қор нарығы: "ЦКБ"- акциялары артты, ал "ҚМГ" БӨ" акциялары төмендеді
Бір апта ішінде KASE индексі 27,1 тармаққа немесе 2,6 %-ға өсті. Индекстің артуына "Центр Кредит Банк" АҚ акциялары жағымды әсер етті, оның акциясы 19,2 теңгеге немесе 13,2 %-ға артқан. Өткен аптада көшбасшы болған KAZ Minerals PLC акциялары екінші орынға орналасқан. Компания акцияларының құны мыс бағасының түсуіне қарамастан 61,1 теңгеге немесе 9,1 %-ға артып, жұма күні бір акция үшін 733,2 теңге деңгейіне жеткен. Акциялардың өсуі инвесторлардың компания қызметінің 2016 жылдың бірінші жарты жылдығына қатысты күткен оң нәтижелері барысында болды. Бейсенбі күні KAZ Minerals компания қызметінің нәтижесіне шолу жасау 18 тамыз күні болады деп хабарлады.
"ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ акциялары бойынша мейлінше төмендеу анықталған, оның акциялары төрт күн ішінде 1007 теңгеге немесе 6,1 %-ға түскен. Осы аптада акционерлердің кезектен тыс жиналысының болуы компания акцияларының бағасын қалыпқа келтірудің маңызды факторы болды. Еске сала кетсек, өткен жылдың қараша айында "ҚазМұнайГаз" директорлар кеңесі өзінің еншілес компанияларына компанияға бақылауды күшейту мақсатында қарым-қатынас туралы шартты қайта қарауға ұсыныс жасаған болатын және 3 тамыз күні акционерлердің кезектен тыс шақырылуы туралы талапты ұсынды. Күн тәртібіне ҚМГ акцияларын және еншілес компаниялардың жаһандық депозитарлық қолхатын сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу жайындағы мәселелер қойылды. Алайда, аталған ұсыныс АКЖЖ-да қабыданбады. Біздің пайымдауымызша, ұсыныстың қабылдануының негізгі себебі акционерлердің сатып алуға ұсынылған бағамен келіспеуі болды.
3 тамыз күні Қазақстанның Даму банкі 85 млрд. теңгеге қысқа мерзімді облигацияларды қойды. Аталған құралдардың айналысы мерзімі кем дегенде 12 айды құрайды, ал купондық мөлшерлеме жылдық 14 % деңгейінде. Инвесторлардың қысқа мерзімді облигацияларға қызығушылық танытуы аталған құралдардың айналыс мерзімінің қысқалығы ұзақ мерзімді облигациялармен салыстырғанда айтарлықтай аз қауіпті береді. Қазіргі уақытта KASE қысқа мерзімді облигацияларды шығарудың жеңілдетілген процедурасын дайындаумен айналысуда, оны орналастыру Ұлттық банкпен 3 күн ішінде тіркелетін болады. Аталған құралды іске қосу осы жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр.
Ақша нарығы: жазғы уақыттағы жағдай
Осы аптада ақша нарығы табыстылығының өзгеруі айтарлықтай болмады. Табыстылықтың 5 б.т. артуы валюталық айырбас операциялары бойынша тіркелді. Ақша нарығының аталған сегменттің табыстылығы жылдық 12,6 %-ға дейін артқан. Репо сегментіндегі табыстылық өткен апта деңгейінде қалып, жылдық 12,1 %-ды құраған.
Қазақстандағы инфлияция 2016 жылдың шілде айында 0,5%-ды құрады деп Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті мәлімдеді. Өткен айда азық-түлік тауарларының бағасы - 0,5%-ға, ал азық-түлік емес тауарлар - 0,4%-ға өскен, ақылы қызметтер 0,6%-ға қымбаттаған. Жылдың басынан бастап (2016 жылдың шілдесінен 2015 жылдың желтоқсаны) инфлияция 5,2%-ды құрады. Осы ретте азық-түлік тауарлары 5,6%-ға, ал азық-түлік емес тауарлар 5,2%-ға, қызмет көрсету 4,7%-ға қымбаттаған.