Түркістанға жарты жылда 700 мың турист келді

Клара Ларина Клара Ларина
5489

Осы уақыт аралығында қала 1,5 млрд табыс тапты.  

Түркістанға жарты жылда 700 мың турист келді

Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында туристік саланың жақсы көрсеткіші мен қаладағы туризмді одан әрі дамыту жоспары туралы ойын ортаға салды.

"Егер төрт жыл бұрын қалаға келген туристер саны 618 мың болса, 2016 жылы 1,6  млн-нан артық адам келген. Оның 24 мыңы алыс және жақын шетелден болған. Осы жылдың алты айында 678683 турист келіп үлгерген, бұл былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 32291 адамға артық", – деді Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев.

"2017 жылдың алты айының қорытындысы бойынша туристік саланың табысы 1,496 млрд теңге болған", – деп қосты ол.

Қала әкімі бұл көрсеткішті одан әрі  арттырып, қаланы әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде дамыту ойы бар екенін айтты.

"Мәдени мұра" бағдарламасы барысында әзірленген "Көне Түркістан" тұжырымдамасы осы мақсатты іске асыруға бағытталған. Бұл жобаға 99,6 га жер бөлінген, жоба үш кезеңде іске асады. Бірінші кезеңде Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіне қарсы бетте орналасқан 129 үйді сатып алу керек. Бұл жер мемлекеттің қажеттілігіне  жаратылады.  

Әліпбек Өсербаевтың айтуынша, қазір үйлерді бағалау жұмысы жүріп жатыр. Сатып алуға қатысты жүргізілетін барлық шара заң талаптарына сай атқарылады, ал үйлерді сатып алуға 1,29 млрд теңге жұмсалады деп жоспарланған.

Кейін бұл жерге туристік сервис және қызмет нысандары тұрғызылады.

Екінші кезеңде 45 га жерге этонсаябақ салынады деп жоспарлануда. Археологиялық қазба жүргізілген жерлердегі жұмыс аяқталғаннан кейін, бұл жер ашық аспан астындағы музей болып қалады деген жоспар бар.

"Орта ғасырлық қаланы аралаған туристер сол кездің мәдениетімен, тарихымен таныса алады. Сондай-ақ этносаябақ аумағында ежелгі тарихи көл қайта қалыпқа келтіріледі. Келген туристерге ұлттық тағам мен сусын ұсынатын орындар, ұлттық ойындар өткізілетін, демалатын жерлер болады", – деп түсіндірді қала басшысы.

Сонымен қатар қатар мавзолейдің оңтүстік-шығыс жағында сақталып қалған тарихи ортағасырлық рабатты туристік нысан ретінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Үшінші кезеңде Есімхан орталық алаңы  мен Әмір Темір көшесі арасында туристерге арналған демалыс орталығын (саябақ, демалыс орны, сауда, тамақтану орындары, қонақ үй кешені, "Қазақ хандығы" мемориалдық кешенін, этнокомпозициялық кешен, мультимедиялық орталық) салу ойда бар.   

Жалпы құны 7,8 млрд теңге болатын бұл жобаны іске асыру тек Түркістанмен ғана шектеліп қалмайды. Еске сала кетсек, Түркістан барлық оңтүстік Қазақстан өңірі үшін тарихи-мәдени туризмді дамытудың басым орталығы болып танылған. Тарихи-мәдени туризм бағыты – "Ұлы Жібек жолының жүрегі" кластеріне арналған негізгі туристік өнім. Осының нәтижесі ретінде Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі туристік саланы дамыту тұжырымдамасын ОҚО-да іске асыру тапсырылған.

Әліпбек Өсербаев  қаланың қазіргі түркі әлемінің мәдени астанасы дәрежесі – ежелгі қаланы халықаралық деңгейде одан әрі таныту үшін  Түркістан қаласына туристерді тартуға арналған үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.

Сонымен қатар Түркістан биылғы жылы түркі әлемінің мәдени орталығы ретінде танылу керек. Қалаға келгендер оның сәулетімен, этнографиясымен  және түркітектес халықтардың ұлттық ерекшелігімен таныса алады.

Жоспарланған түркі тілдес кестесі мен тізімі бойынша қалада  халықаралық деңгейдегі  мәдени-танымдық іс шара өткен, оған мыңдаған шетелдік турист қатысқан. Соның бірі жалпы түркі тілдес елдердің мерекесі Наурызды тойлау болды. Бұл мерекені тойлауға 20-дан астам елдің өкілі қатысты.

Әкімнің айтуынша, ең басты адамдар көп келетін орын – ол Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Сондай-ақ туристер ежелгі қала Сауранға, Үкаш ата, Гаухар ана және Әлқожа атаға барғанды ұнатады. Мұның барлығы – тарихи-мәдени туризм нысандары.

Сондай-ақ туристер  қаладан 100 шақырым жердегі Қаратаудағы Жылаған ата үңіріне барғылары келеді. Ол жерде судың қалай пайда болып, бір сәтте жоқ болуын көруге болады. Әкімнің айтуынша, бұл жерге жыл сайын екі мыңнан астам адам зиярат етуге келеді. Олардың ішінде Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Қытайдан келетіндер бар.

Қала әкімі туризмнің тағы бір бағыты – емдеу-сауықтыру бағытына баса назар аударылып отырғанын айтты.

"Түркістан қаласында жерасты жылы суының үлкен желісі орналасқан. Соның бірінде "Шипа су" шипажайы бар. Бұл жердің емдік суы Украинадағы  "Трускавец", Литуадағы "Витаутас" шипайжайының суымен бірдей. Бұған Мәскеу институтының зерттеу нәтижелері куә. Қазіргі уақытта шипажайда 100 орын бар, шипажай иесімен тағы да қосымша жаңа корпус салу уағдаластығы бар. Жобаның жалпы құны 400 млн теңге", – деді қала әкімі.

Қала басшысы тақырыпты қорытындылай келе бүгінгі күні Түркістан 18 қонақүйде 1059 адамды қабылдау мүмкіндігі бар екенін айтты.

Гүлназ Ермағанбетова, Клара Ларина, Шымкент

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу