Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина бойынша таңдау аз. Отандастарымыз не қазақстандық, не ресейлік препаратты салдыруда. Халық арасында осы жайт көптеген азаматтардың Өзбекстанға барып, Moderna немесе AstraZeneca алуына түрткі болуда деген ақпарат бар. Бұл қаншалықты рас, inbusiness.kz зерттеп көрді.
Расында шетелге шығу үшін билетпен қатар ПТР-тест анықтамасын алып жүру керек. Тіпті Ресейде Спутник V препаратының екі дозасын салдырған ел азаматтарының вакцинация паспорты жарамсыз.
Ал туристер аурудың өршуіне қарамастан, толық өмір сүргісі келеді, тіпті, әлемді шарлап, демалысқа асығуда. Әлбетте сыртқа екпе төлқұжатымен шыққан дұрыс. Алайда ол өзге елде құжат ретінде мойындалғаны да абзал.
Вакцина арқылы табыс табыңыз
Сербия дәстүрлі әдісті қолданбай, қазынаны туристер есебінен толтыруды жөн санап отыр. Аталған ел үкіметі наурыз айында екі күн бойы қалаған кез келген ел азаматқа ақысыз екпе алуды ұсынды. Нәтиже көп күттірмеді. Тіпті шекарада көлік кептелісі туындады. Сербиядағы халықты COVID-19-ға қарсы иммундау үшін неміс-американдық BioNTech / Pfizer вакцинасы, британдық-шведтік AstraZeneca, сондай-ақ ресейлік Спутник V препараты мен қытайлық Sinopharm қолданылады. Артынша бұл идеяны әлемнің басқа елдері де қолдана бастады. Мәселен, мамыр айында Сан -Марино шетелдіктерді "вакциналық" туризмге шақырды. Бұл ұсынысты кез келген елдің азаматы пайдалана алады. Турист бірінші дозаны алу үшін кемінде үш күн қонақүйде демалуы керек, содан кейін келесі дозаны алу үшін тағы 20 күн қалуы міндетті немесе үйіне қайтып, содан кейін қайта үш күн бұрын келуі керек. Екі дозаның бағасы - 50 евро және қонақүйде тұру құны тағы бар. Бұл 43 мыңға жуық адам тұратын шағын туристік мемлекет үшін оңтайлы шешім болғандай...
Артынша бұл тізімге Мальдив аралдары қосылды. Сондай-ақ жуырда Болгария демалушыларды вакцинациялау туралы шешім қабылдады. Мұнда сіз AstraZeneca препаратын салғыза аласыз. Дәл осындай вакцинаны Румынияда немесе Польшада егуге болады. Вакцинация туризмі Армения мен Венгрияда да белсенді дамуда. Бірінші жағдайда саяхатшы кез келген емханаға қоңырау шалып, белгілі бір уақытқа жазыла алады. Сонымен қатар мұнда екпе бойынша үш түрлі таңдау бар: CoronaVac, AstraZeneca немесе Спутник V, соңғысын осы уақытқа дейін Еуропалық дәрі -дәрмек агенттігі растамаған. Сондай-ақ, шетелдіктер Біріккен Араб Әмірліктерінде екпе салдыра алады. Бірақ мұнда қымбат. Дубайдағы клиникалар клиенттерге Pfizer /BioNTech -пен вакцинациялауды ұсынады, бірақ бұл үшін жергілікті клубқа қосылуды талап етеді, оның жылдық мүшелік жарнасы 30 мың еуроны құрайды, бұл сомаға ұшу мен тұру ақысы кірмейді есептелмейді.
Ресейге құқықтық база кедергі келтіруде
Маусым айында Ресей Федерациясының Президенті көрші елде вакциналық туризмнің басталатынын хабарлады. Вакцинаны сататын Ресей инвестициялық қорының мәліметтеріне сүйенсек, 2021 жылдың 5 маусымындағы жағдай бойынша әлемнің 67 елі Спутник V-ді қолдануды мақұлдады. Бұл елдердің жалпы халқы 3,4 млрд адамнан асады. Болжам бойынша ресейлік вакцинаның өндірісі тамыз-қыркүйекке дейін 100 млн дозаға дейін өседі. Ростуризм басшысының айтуынша, шетелдіктер ыңғайлы келуі үшін электронды виза механизмін қолдану ұсынылады. Сонымен қатар, департамент шетелдіктер вакцинациялауға болатын қалалардың тізімін кеңейтуді қажет деп санайды. Енді мұны Мәскеу мен Санкт -Петербургта жасауға болады. Ресейлік туроператорлардың айтуынша, вакциналық турларға сұраныс айтарлықтай жоғары. Латын Америкасынан бастап Финляндиядағы саяхатшылардан өтінімдер жіберілген. Бірақ әзірге заңдық тұрғыда бұл жайттар толық қарастырылмаған.
Ал Өзбекстанда жағдай басқаша
Кейбір қазақстандықтар вакцина таңдауға болатын Өзбекстанға үмітпен қарайды, бірақ әзірге ресми шақыру жоқ. Бұл елде вакцина бойынша таңдау кең үлкен. Ел тұрғындарына ZF-UZ-VAC2001, AstraZeneca, Спутник V ұсынылады, жуырда Moderna да аталған тізімге қосылды. Алайда, кейбір іскер адамдар әкімшілік кедергілерді айналып өтіп, бұл мәселені шешудің жолын табады.
Бірақ мамандар шетелдіктерге заң бойынша екпе төлқұжаты берілсе вакциналық туризм одан әрі тартымды болатынын айтады. Ал жалпы алғанда сарапшылар дамыған елдерде "вакциналық" туризм одан әрі дамитынын алға тартуда.
Құралай Құдайберген