Яндекс.Такси Петропавл мен Қостанайға келді

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
6248

Енді такси Қазақстанның 13 қаласында жұмыс істейді. 

Яндекс.Такси Петропавл мен Қостанайға келді

Петропавл және Қостанай қалаларында Яндекс.Такси сервисі жұмысын бастады. Енді қала тұрғындары таксиге мобильді қосымша немесе сайт арқылы тапсырыс бере алады. Қазір бұл такси Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Орал, Өскемен, Семей және Шымкент қалаларында қызмет етеді.

Машинаға тапсырыс беру үшін диспетчерге қоңырау шалу қажет емес. Яндекс.Такси пайдаланушының орналасқан жерін автоматты түрде анықтап, тапсырысты бәрінен бұрын келуі мүмкін жүргізушіге жібереді. Петропавлда және Қостанайда таксиді күту уақыты орта есеппен 5 минут, ал автокөліктің қозғалысын қосымшадағы қаланың картасынан бақылап отыруға болады.

Бұл қалаларда бірыңғай тариф қолданылады: сапардың құны 200 теңгеден аспайды, бұл сомаға машинаны беру және 2 шақырым жол кіреді, одан ары әрбір шақырым үшін ең көбі 50 теңгеден есептеледі. Мысалы, Петропавлда 380 теңгеге неке сарайынан "Азия" сауда үйіне дейін жетуге болады. Ал Қостанайда ОӘД-нен  "Жемчужина" медициналық орталығына дейінгі сапардың құны шамамен 210 теңгеге тең болады. Қала сыртына шыққанда бағдардың әрбір шақырымы үшін 100 теңгеден артық сома есептелмейді.

"Біздің технологияларымыз бен алгоритмдеріміз таксиді ыңғайлы және қолжетімді көлік түріне айналдырды. Тапсырысты автоматты түрде тапсырыс берушіге жақын маңда жүрген жүргізушіге беру арқылы біз қызметтің өзіндік құнын қысқартамыз, себебі жүргізуші клиентке бүкіл қаланы айналып бармайды. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстандағы біздің қызмет ең қолжетімді болып тұр", – дейді Яндекс.Такси халықаралық даму қызметінің басшысы Мушег Саакян.

Таксиге тапсырыс бергенде баратын жердің нақты мекенжайын білу міндетті емес, мекеменің немесе ұйымның атауын көрсету жеткілікті. Сервис оны картадан тауып, маршрут құрады. Бұған қоса машина беру үшін анағұрлым қолайлы орын ұсынады. Мысалы, кейбір жағдайларда жолдың екінші бетіне өту жеткілікті, сонда машина тезірек келеді, ал сапардың құны төмендеу болады.

Яндекс.Такси таксопарктермен және диспетчер қызметтерімен жұмыс істейді, жүргізушілермен тікелей байланысқа шықпайды. Тапсырыстарды үлестіру барысында қосымша пайдаланушылардың бағалауларына және орындалған сапарлардың статистикасына негізделген жүргізушінің рейтингін есепке алады. Петропавл және Қостанай қалаларында сервиске төрт серіктес таксопарктен 200 автокөлік қосылған.

Яндекс.Такси тегін қосымшасы iOS және Android үшін қолжетімді, сапардың құнын cайтта есептеуге болады.

Яндекс.Такси сервисі Қазақстанда, Ресейде, Қырғызстанда, Беларусьте, Арменияда, Молдовада және Грузияда жұмыс істейді. Жалпы сервиске 280 мыңнан астам жүргізуші қосылған.

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу