Жинақ салым сақтықты қажет етеді

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
3890

Коммерциялық банктер қайтарымсыз депозиттерді игеруге әзірге құлықсыз.

Жинақ салым сақтықты қажет етеді

1 қазаннан бастап Ұлттық банк жеке тұлғаларға арналған банктік теңгелік салымдар  – қайтарымсыз депозиттерді қолданысқа енгізді. Жаңа градацияның салымдардың бұрынғы кестесінен айырмашылығы жинақтық депозитпен толықтырылуында. Жинақ депозит балама шарт бойынша, яғни депозиттің ұзақмерзімділігімен және сыйақының (13-13,5%) жоғары мөлшерін жабатын бірқатар бастапқы опциялардың болмауымен ерекшеленеді. Ал классикалық шұғыл депозиттер 12 айға жылдық 9-9,5%-ды ұсынады.

Салымдарды жаңа сыныптаудың негізгі мақсаты – халықтың жинақ ақшасын сақтау үшін қосымша мүмкіндік беру. Ұлттық валютада шұғыл және сыйақы мөлшері жоғары салымды таңдаған салымшы инфляция 6% болып тұрғанда өзін нақты 7,5%-ға дейінгі кірістілікпен қамтамасыз етеді. Ұлттық банктің ақпараттық хабарламасында валюталық салымда айырбас бағамының өзгеруіне қарай пайдамен қатар шығын да болатынын ескерсек, онда жинақ салымдар қаражат жұмсаудың тартымды және тұрақты құралы деп жазылған.

Кaspi Bank-тің аbctv.kz-ке берген түсініктемесінде, салымшылар жинағын бірнеше "қоржынға" бөлу мүмкіндігі пайда болады. Үнемі жұмсалатын ақшаны "икемді" депозитке, ал ұзақмерзімді ақшаны мөлшерлемесі жоғары, бірақ қосымша шешіп алу мерзімі бар депозитке орналастыруға болады. Бұл салымшылар үшін ұзақмерзімді жинақтан жоғары пайызбен пайда табуға жақсы мүмкіндік береді. Барлық жинақтық салымға кепіл беру қоры кепіл береді және кепіл көлемі 10 млн теңге болатын шұғыл депозитпен салыстырғанда 15 млн теңгеге дейін өскен.

Дегенмен, жаңа құралдың ерекшеліктері де бар. Адамды қызықтыратын пайыздық мөлшерлеменің артында несие икемділігіне қатысты қатаң талаптар қойылады. Жинақ депозит ақшаны ішінара қайтаруды қарастырмайды және келісімшарт мерзімі біткенге дейін ақшаны қайтаруға өте сақтықпен қарайды. Салымшы шұғыл депозиттегі ақшасын өзі қалаған кезде шешіп алғысы келетін болса, онда ақша салымшыдан талап ету өтініші түскен кезден бастап жеті күн ішінде беріледі. Ал жинақ салым күнтізбелік 30 күннен кейін ғана қайтарылады.

Жинақ депозитінің өтімділігін шектеу, ықтимал депозиторларды депозитке сақтықпен қарауға әкелетіні сөзсіз. Банк клиенттері стандартты депозитті ыңғайлы "әмиян" ретінде пайдалануға үйреніп қалған, өйткені депозиттің мемлекеттік кепілдіктермен бірге тап осы "икемділігі" ақша жинаудың ең тиімді және танымал құралы болды.

Аbctv.kz редакциясы қазақстандық банктердің алғашқы ондығының сайтына сараптама жасап, тек бірнеше банк қана заман талабынан қалыс қалмай, жинақ депозитті ұсынып отырғанын анықтады. Олардың барлығы мақсатты тағайындауда білім беру жинақ салымы болып ұсынылған.

Мұндай өнімдердің мерзімі 36 ай мен 60 айдың аралығында, депозитті толықтыруға рұқсат берілген және ай сайын капиталдандыру қарастырылған. Салымды тек оқу орнына (оқу орнының есепайырысу шотына) төлем түрінде ғана төлеуге болады. 5% жылдық тіркелген мөлшерлеме түріндегі инвестициялық кіріс нақты жиналған қаражаттың қалғанына есептеледі.

Аbctv.kz редакциясы  бірқатар жергілікті банктерге жинақ депозитінің пайда болуымен маркетингтік саясатта болуы мүмкін өзгерістер жайлы сауал жолдаған болатын. Алайда бұл сауалға тек бір банк қана жауап берді. ВТБ банк (Қазақстан) банк жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеуде нарықтың сұранысын бағдарға алатынын, бірақ әзірге қайтарымсыз депозиттерге деген сұраныстың өскенін көріп отырмағанын айтты.

"Бүгінгі күні ВТБ банк өз клиенттердің сұранысын негізге ала отырып, салымдар желісін ұсынып отыр. Ұсыныс сұраныспен қалыптасады. Тап қазіргі уақытта жеке тұлғаларға ақшаларын икемді шарт пен мерзімді қарастыратын депозиттерде сақтаған ыңғайлы. Көбінесе біздің клиенттер толықтыру мүмкіндігі бар және өздері қалаған уақытта ақшаны ішінара шешіп ала алатын депозиттерді таңдайды", – деп ВТБ банктің бөлшектік бизнес департаменті директорының орынбасары Әлия Берғарипова банк ұстанымын түсіндіріп кетті.

Қайтарымсыз, жинақ депозиттері халыққа жаңа кепілдендірілген жинақтау құралын беру мүмкіндігімен қатар депозиттер арқылы банктік қорландыру жағдайын теңестіруді болжағанын атап кету керек.

Банктердің депозиттік базасы динамикасының баяулауына немесе ішінара алуына әкелетін теңге бағамының құбылмалығы мен халықтың кірісінің өсуі мен төмендеуіндегі үнемі тербеліс банктерге ертеңгі күнге сенім мен қаржылық ағынды болжауға мүмкіндік бермейді.

Биылғы жылдан бастап жеке тұлғалар депозиттік базаның басты донары болып отыр. Ұлттық банк мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың қыркүйегінің басында екінші деңгейлі банктерді қорландыру құрылымында клиенттер салымы 24 трлн пассивтің 69% -ын (16,7 трлн теңге) алып отыр. Бұл ретте жиынтық шұғыл салымдардағы халықтың үлесі 65%-ға жеткен. Халықтың шұғыл салымдары 7,4 трлн теңге, болып, жыл басынан бері 4,7%-ға өскен.

Жинақтық салымдарды табысты іске қосу банктерге пассивтерді активтермен теңестіруге көмектеседі. Алайда, банктер бойынша жиналған бастапқы берілген ақпарға мән беретін болсақ, бұл құрал әзірге "тұралап"тұр.

Татьяна Батищева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу