"Арселор Миттал Теміртаудың" ісі сотта қаралуда

20005

Комбинат жұмысының тоқтатылу қаупі бар.

"Арселор Миттал Теміртаудың" ісі сотта қаралуда

Қарағанды облысының ауданаралық экономикалық сотында индустриялық даму комитетінің облыстық департаменті мен өндірістік қауіпсіздік, инвестиция және даму министрлігінің "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қатысты арыз-талабын тыңдау өткізілуде.

27 сәуірде  Karaganda Invest-2016 халықаралық форумында Индустриялды даму министрлігінің вице-министрі Альерт Рау "Әзірге  қалыпты дегенмен "Арселордың"  қай жерде қандай жобаларды іске асырып жатқандығы бізге белгілі. Президент айтқандай, өндірісті жаңарт, әйтпесе, өндіріс тоқырайды сөзі тікелей "Арселорға" арналғандай. Меніңше, үкімет пен облыс әкімдері компания басшыларымен жұмыс жасауы қажет" ,-деген еді.

Альберт Раудың ескертпесінен соң, "АрселорМиттал Теміртаудың" болат балқытатын  өндіріс орындарын  Қарағанды облысы бойынша Индустриялдық даму және өндірістік қауіпсіздік  комитеті  департаменті мен Инвестициялық даму министрлігі өкілдері тексерді. Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбектің бұйрығымен комитеттің вице-министрі Альберт Рау істі өз бақылауына алған.

Тексеріс жұмыстары 14 наурыздан 14 маусымға дейін үш айға созылып, нәтижесінде айтарлықтай заң бұзушылықтар анықталған: "құрал –жабдықтар әбден ескірген, қауіпті техникалық құралдарды қолданып, жөндеусіз жарамсыз ғимаратты пайдалануда".

Департамент басшылығының пікірінше, өндірістік қауіпсіздікке бақылау жүргізілмейді. Бәрібір ескертілген шаралар сақталмайды. Тозығы жеткен жабдықтар мен апат жағдайдағы өндіріс ғимаратының қирайтыны анық.

Техникалық кеңестің ұйғарымы бойынша 30 маусымда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ басшылығына байқалған заңсыздықтарды жою міндеттелді. Ескертпелерді орындау жоспарының мерзімі белгіленіп, Қарағанды облысы бойынша Индустриялдық даму және өндірістік қауіпсіздік  комитеті  департаменті мен Инвестициялық даму министрлігіне жолданды.

Дегенмен, соңғы шешімді қарағанды облыстық ауданаралық соты шығарып, "АрселорМиттал Темиртау" компаниясына төрт  бірдей талап қойылды.

Комбинаттағы маңызды делінетін  ЛПЦ-2, ТЭЦ-2 цехтарын, сонымен қатар  40 кран мен олардың металды балқытудан бастап, дайын болат өнімдерін тиеу  кезеңіне дейін жүретін магистральды пайдаланбау қарастырылған.

Ал, сот өндірістік қауіпсіздік департаментінің  шағымын күшінде қалдырар болса, комбинаттың міндеттемелерді орындағанша толықтай жұмысты тоқтату қаупі сезілуде.

"Арселор Миттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметінен   abctv.kz арнасы мән-жайды түсіндіруін өтінген еді. Бірақ, корпаративті коммуникациялар мен байланыс департаментінің директоры Зухра Сұлтанова басшылықтың орында жоқ екендігін, ол үшін уақыт керектігін айтты. Комбинаттың бас директоры Парамжит Коланның биылғы 26 мамырдағы  № 335 бұйрығы бойынша бөлім басшылары баспасөз қызметінің келісімінсіз қандайда бір ақпарат беруіне болмайды. Ең бірінші бас директордың рұқсаты керек. 

Мұнан әрі оқиғаның қалай өрбитінін Abctv.kz арнасы қадағалайтын болады.

Олег И. Гусев, Қарағанды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу