"Астана су арнасы" әрбір бесінші текше метр судан шығын көреді

3281

Шығындардың бестен бір бөлігі монополия соңғы екі жылда анықтаған орталық сумен қамту желілеріне 600 заңсыз қосылу арқылы жасалған ұрлықтан келген.

"Астана су арнасы"  әрбір бесінші текше метр судан шығын көреді

"Астана су арнасының" су шығындары жыл сайын суды пайдаланудың жалпы көлемінің 20%-ын құрайды. Оның 4%-ы сумен қамту желісіне заңсыз қосылуға байланысты болып отыр. Бұл туралы abctv.kz-ке қоғамдық тыңдауда "Астана су арнасы" МКК бас директоры Табиғат Зейнолқабден айтты.

"Орталық сумен қамтуға заңсыз қосылуды анықтауға қатысты жұмысты үнемі жүргіземіз. Өкінішке қарай, мұндай фактілер өте көп кездеседі. Соңғы екі жылда 600-ден астам заңсыз қосылуды анықтадық. Олардың ішінде әртүрлі ұйымдар – көлік жуу, заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін бірақ жекеменшік болып тіркелген жатақханалар бар. Сонымен қатар құрылыс салушылар бар. Яғни бұл жаңадан үйлер салып жатқан құрылыс компаниялары. Олар құрылыс салу кезінде сумен қамту және кәріз желісіне қосылу үшін уақытша келісімшарт жасау керек. Алайда олар біздің қызметкерлер анықтағанға дейін өздігінен қосылып алады", – деді Табиғат Зейнолқабден

Компания директоры 2017 жылы суды тұтыну көлемі 97 мл текше метр болғанын айтты. Оның ішінде 75 млн текше метрі тұтынушыларға сатылған. Ал 20 млн текше метрі шығын болған. Бұл ретте тарифтерде ескерілген нормативтік шығындар 16 млн текше метр немесе 16,5% болған. Қалған 3,8 млн текше метрі немесе 4%-ды заңсыз пайдаланушылар ұрлаған.

Сонымен қатар компанияның бас директоры ауызсуды тұтыну артқанын атап кетті. Мысалы, 2016 жылы елорда тұрғындары 95 млн текше литр су тұтынған. Ал 2018 жылы бұл 98 текше метр болуы мүмкін. Бұл ретте қаладағы заңды тұлғаларды құралдармен қамту 100%, жеке тұлғаларды қамту 70% болып отыр. 2132 тұрғын үй кешенінде есептеуіш орнатылған.

Карина Алимова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу