Әлем халқының шамамен 25%-ы ауызсу тапшылығынан зардап шегіп отыр

4140

Соңғы 100 жылда ауызсуды тұтыну көлемі екі есе өскен. 

Әлем халқының шамамен 25%-ы ауызсу тапшылығынан зардап шегіп отыр

Таза су мөлшері азайып, кейбір елдер мұның зарадабын молынан тартып отыр. Әлемдік ресурстар институты (WRI) сарапшыларының зерттеуінде бұл туралы толығырық жазылған.

Қазіргі таңда ауызсу дағдарысын 17 мемлекет бастан кешіріп отыр. Дерек бойынша, бұл елдерде әлем халқының шамамен төрттен бірі өмір сүреді. Ондағы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп саласы мен тұрғындар жергілікті су қорының 80 пайызын қолданады. 

Экологтардың айтуынша, алдағы жылдары бұл елдердің тұрғындары ауызсудың тапшылығына ұрынуы мүмкін. "Бұған заман дамуының қарқындылығы себеп", - дейді олар.

WRI зерттеушілерінің дерегіне сүйенсек, 1960 жылдан бері жаһандық су тұтыну көлемі екі есе артқан. Әзірге бұл көрсеткіш көбеймесе, азаймақ емес. 

Қазіргі таңда әлем халқының 30 пайызы шоғырланған 44 ел бар. Ондағы ауызсу жыл сайын 40 пайыз жылдамдықпен азайып отырады. Мысалы, Үндістанда таза суды пайдалану көрсеткіші соңғы он жылда 54 есе көбейген. Халық санының күрт өсуі елді осындай жағдайға душар етіп отыр, дейді WRI мамандары. 

Су дағдарысын бастан кешіріп отырған 17 елдің 12-сі Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада орналасқан. 

Массачусетс технологиялық институты зерттеушілерінің айтуынша, 2050 жылы жер бетінде өмір сүретін 9,7 миллиард адамның жартысы ауыз су тапшы аймақта өмір сүреді. Егер де мемлекеттер ауыл шаруашылығын дамытып, су тұтынуды азайтып және ағын суларды тазартуды қолға алмаса, жағдай бұдан да нашарлап кетуі мүмкін. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу