Астанада өтіп жатқан ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында "АЗИЯ АВТО" зауыты чехиялық ŠKODA автоөндірушісімен бірлесіп, жаңа көлік моделін – Kodiaq кроссоверін және Superb седанның үшінші ұрпағын таныстырды. Бұл автокөліктердің сериялық шығарылымы жақында Өскеменде басталмақ.
ŠKODA-ның жаңа көлігі ЕХРО-2017 көрмесінің Чехия павильонында таныстырылды. Елорда қонақтары ŠKODA-ның бас дизайнері Йозеф Кабанның туындысын Қазақстанда алғаш болып тамашалады. Биылғы жылдың өзінде "АЗИЯ АВТО" конвейерінде құрастырылатын ŠKODA автокөліктерінің топтамасы толығымен жаңартылады деп хабарлады "АЗИЯ АВТО" АҚ-ның баспасөз қызметі.
Жаңа ŠKODA Kodiaq кроссоверімен қатар Қазақстанда шығарылатын еуропалық автокөліктердің ішіндегі ең көп сұранысқа ие ŠKODA Rapid, сондай-ақ жаңа ŠKODA Octavia және ŠKODA Superb седанының үшінші ұрпағы қазақстандықтар үшін қолжетімді болады.
"Биыл ŠKODA танымалдық рекордын жаңартты – жалпы әлем бойынша сатып алушылар саны 1 млн 126 мың 500 адамға жетті, ал 2017 жылдың І тоқсаны брендтің 122 жылдық тарихындағы ең табысты кез болды. Сонымен қатар ŠKODA Volkswagen концернімен серіктестігінің 25 жылдығын атап өтті. Ширек ғасырда компания аймақтық нарық көшбасшысынан жетекші халықаралық автоөндірушіге айналды. Соңғы 12 жыл бойы "АЗИЯ АВТО" мен ŠKODA еліміздегі көлік өндірісін дамыту үшін бірлесіп күш жұмсауда – 12 жыл бұрын Қазақстандағы конвейерден шыққан алғашқы еуропалық көлік осы ŠKODA болған, – деді "АЗИЯ АВТО" АҚ-ның президенті Ерік Сағымбаев. – Бүгін "ЭКСПО-2017" аясында Қазақстан азаматтарына чехиялық серіктесіміз іске асырып отырған "2025 стратегиясы" шеңберінде пайда болған экологиялық технологиялар мен цифрлық шешімдерді таныстыру біз үшін мәртебе. ŠKODA-ның жаңа үлгілері клиенттерімізді заманауи автокөлік туралы қалыпты көзқарастан алда тұрған мүмкіндіктерімен таң қалдыратын болады. Қазақстандықтар марканың жаңа ұсыныстарын республика жолдарында биылғы жылдың өзінде-ақ бағалай алады".
Kodiaq – бұл алғашқы ортаөлшемді кроссовер, жеті адамды сыйғыза алатын мүмкіндігі бар алғашқы үлгі, толығымен жарықдиодты оптикамен жабдықталған топтамадағы бірінші автокөлік.
ŠKODA Superb бизнес-седанының әйнектелген аумағы үлкен, шамдары бүйір жаққа сәл шығыңқы орналасқан. Артқы жарықдиодты шамдары Kodiaq-тағыдай "С" үлгісінде жасалған. Superb-де түймені баспай-ақ жүксалғышты ашу үшін көрінбейтін педалі бар, сондай-ақ жарықдиодты шам арқылы салонға жарық түсіру түсін таңдау мүмкіндігі бар. Сондай-ақ алғаш рет ŠKODA автокөліктерінде үшаймақтық климат-бақылау жүйесі және өзге де көптеген ыңғайлы технологиялық шешімдер таңдалған.
Active негізгі жиынтығында отыратын орынды, айнаны, әйнек жуатын бүріккішті жылыту жүйесі, шынтақ сүйеніш және ауа баптағыш сияқты пайдалы қызметтер қолжетімді болады. Оған қарағанда Ambition жиынтығының жайлылығы әлдеқайда жоғары. Онда жүргізушілерге арналған қосымша, маңызды қызметтер қамтылған: тұманға қарсы шамдар, тұрақ датчиктері, сенсорлық экраны бар заманауи мульмедиялық жүйе, мультирөл. Ал Style жиынтығы ксеноннан қарағанда әлдеқайда жақсы көруге мүмкіндік беретін жарықдиодты фаралармен жабдықталған. Сондай-ақ оның салоны терімен қапталған, барлық орны, алдыңғы әйнек пен рөлі жылытылады, артқы көріністі көрсететін камера, көлікті кілтсіз ашу жүйесімен жабдықталған.
Superb чехиялық брендтің құрылғылар қосуға арналған мүмкіндіктері көп алғашқы автокөлік атанды. Дәлірек айтсақ, SmartLink технологиясының арқасында смартфонға қосылу мүмкіндігі бар, ол өз ішінде MirrorLink™, Apple CarPlay және Android Auto жүйелеріне қосылу қызметтерімен қамтыған. Бұл жүйенің көмегімен орталық панельде орналасқан сенсорлық экран арқылы смартфонның түрлі қосымшаларын пайдалануға болады. Сондай-ақ ŠKODA Superb көлігі – Wi-Fi және жоғары жылдамдықты интернетке қосылуға мүмкіндік беретін жүйемен жабдықталған ŠKODA-ның бірінші көлік үлгісі. Тағы бір айтарлықтай ерекшелік – телефонды сымсыз қуаттайтын қораптың болуы.
ŠKODA-ның автокөліктері ЕвроNCAP ресми краш-тесттерде тұрақты түрде жоғары баллдарды иеленіп келе жатыр, міне сондықтан ол жолаушылардың қауіпсіздігі тұрғысынан алғанда ең төзімді және сенімді көліктердің бірі болып саналады. Жаңа модельдерде қауіпсіздік деңгейі бұрынғыдан де жоғарылай түсті: енді негізгі жиынтықтан бастап барлық автокөлік алты қауіпсіздік жастығымен жабдықталған, ал жоғарғы жиынтықтарда олардың саны тоғызға дейін жетеді, яғни жүргізушінің тізесіне арналған жастық қосылған.
Жаңа үлгілердің тағы бір маңызды артықшылығы – күш тарту агрегаттары мен беріліс қорабының сенімділік деңгейінің жоғарылауы. Осылайша, жаңа ŠKODA Superb екі литрлік қуаты 220 а.к. турбиналы қозғалтқышпен жабдықталған, ал жетісатылы беріліс қорабы жүрілген автокөліктердің иелеріне ешқандай қиындық әкелмейтін алтысатылысымен ауыстырылды.
Қазақстандықтарға ŠKODA Kodiaq кроссоверінің автоматты беріліс қорабымен (модификацияланған жетісатылы DSG роботы) жабдықталған толық жетекті нұсқасы ұсынылады. Қақпақтың астында бензин қозғалтқыштарының ең мықтысы, қуаты 180 а.к. болатын 2.0 TSI орналасқан. ŠKODA-ның Еуро-6 стандартындағы жаңа қозғалтқыштары мықтырақ қана емес, 30%-ға тиімдірек.
Таныстырылған автокөліктердің құны сатылымға шыққаннан кейін жарияланады. Автокөліктер "БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО" компаниялар тобының филиалдары жұмыс істейтін 19 қалада сатылады.
"АЗИЯ АВТО" АҚ қазақстандық автоқұрастыру зауыты – Қазақстанда жеңіл автокөлік шығаратын ірі өндіруші. 2002 жылы құрылған. Зауыттың технологиялық серіктестері қатарында "АВТОВАЗ" ЖАҚ, Volkswagen AG, General Motors және KIA Motors секілді әлемнің жетекші концерндері бар. Компания жылына 60 мың автокөлік жасап шығарады. "АЗИЯ АВТО" АҚ-ның Өскемендегі кәсіпорнында Skoda (Octavia, Rapid, Superb, Yeti), Chevrolet (Aveo, Captiva, Cruze, Malibu, Orlando, Tracker), LADA (4x4, Granta, Kalina, Vesta, XRay, Largus), KIA (Carens, Carnival, Cee’d, Cerato, Cadenza, Optima, Mohave, Picanto, Pro Cee’d, Quoris, Rio, Sorento, Soul, Sportage) авокөлік маркалы шығарылады.
"БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО" компаниялар тобы – 1992 жылы құрылған Қазақстанның автокөлік нарығындағы ірі холдинг. Топтың құрамына "АЗИЯ АВТО" АҚ қазақстандық автоқұрастыру зауыты, Lada, Skoda, Chevrolet, KIA, UAZ және Renault автокөлік маркаларын сататын және оларға қызмет көрсететін дистрибьюторлық және дилерлік компаниялар кіреді.
Әйгерім Сүлейменова, Жанболат Мамышев