Әлем елдері пневмониямен ауырған науқастарды Covid-19 дертіне шалдыққандар қатарына қосуда. Тіпті кеше, көрші Қырғызстан да «өкпе қабынуын коронавирустың асқыну салдары» деп бағалап отыр. Біздің елде неге барлығы басқаша? Елде пневмонияның салдары covid-19 вирусынан да асып түсті. Бірақ бізде неге ол жайында мардымды статистика жоқ?