Теріскейге бензин тасушылар көбейген

Үкімет демалыста жиналыс өткізуге мәжбүр болды. Себебі теріскейге тонналап бензин тасушылар көбейген. Жиналыста алғашқы жарты жылдықта 40 мың литрден астам мұнай өнімін шекарадан заңсыз өткізбек болғандар туралы айтылды. Сондай-ақ санаулы күнде 3 тонна жанар-жағармайды шетел асырғысы келгендер анықталып, тосқауыл қойылыпты. Енді ел билігі шекараны күшейтіп, күмән туғызған мұнай зауыттарын тексеруді жоспарлап отыр. Заңсыз тасымалмен күреске қосымша қызметкерлер тартылып, жанармай құю бекеттері мен шағын мұнай өңдеу зауыттарына дейін бақылауға алынбақ.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу