Мемлекет балабақшаларға қойылатын талапты күшейтті. 2027 жылдан бастап барлық жеке балабақша лицензия алуға міндетті. Ал кәсіпкерлердің айтуынша, қазіргі талаптардың өзін орындау кей нысандар үшін мүмкін емес. Жаңа талап кәсіпкерлерді одан әрі тығырыққа тіреп қоймақ. Мемлекеттің мақсаты түсінікті бала қауіпсіз ортада, сапалы білім алуы керек. Бұл талаппен ешкім таласпайды. Бірақ оған нарық дайын ба?