Қазақстанда онлайн-несие үлкен қарқынмен дамуда. Егер қарыз алушы ай сайынғы қайтарымды кешіктірсе, жалақысын ұстап қалып, жиі-жиі коллекторлар мазалап, одан қалса қарызға алынған сомманың пайыздық мөлшерін көтеріп жібереді. Бұл жағдайға тап болған азаматтарға Antidolg көмекке келмек. Компанияның негізгі мақсаты қарыз алушының заңды мүдделерін қорғау.
Спикерлер: әлеуметтік құқықтық қызмет орталығының бас директоры - Нұрхан Іскендір; Astana Hub халықаралық ІТ-стартап технопаркінің бас директоры - Әділет Нұрғожин; әлеуметтік құқықтық қызмет орталығының менеджері - Самал Мұратбекова; қарыз алушылар - Инара, Дамир Ғабидолла.
Жүргізуші: Әсел Басшыбек.