Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды, деп хабарлайды 24 Хабар.
Жоба авторы, поляк зерттеушісі – Яцек Палкевич. Экспедиция келер жылы мамыр немесе маусым айында Қытайдан басталады. Керуен Қырғызстан, Өзбекстан арқылы қазақ жеріне ат басын бұрып, Ресей, Беларусь елін айналып Польшаға барады. Осылайша, қатысушылар 2 ай ішінде 10 мыңнан аса шақырымды жүріп өтуді жоспарлап отыр.
"Қазақ жеріне алғаш рет келіп тұрмын. Экпедицияға кез-келген азамат қатыса алады. Ғалымдар, БАҚ өкілдері қызығушылық танытады деген сенімдемін. Өйткені экспедиция халық арасындағы достықты нығайтып, сауда, мәдениет саласындағы әріптестікті жаңа белеске көтеруге сеп болмақ", – дейді поляк зерттеушісі Яцек Палкевич.