11 желтоқсан – Халықаралық таулар күні

Таулар – қорғалатын табиғи байлық және ғаламшардың бір бөлігі.

11 желтоқсан – Халықаралық таулар күні Фото: inbusiness.kz

Халықаралық таулар күні 1992 жылы БҰҰ Қоршаған орта және даму жөніндегі конференциясында құрылды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды. 

Ресми мәліметтер бойынша, Халықаралық таулар күні 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілді. 

Бұл күннің негізгі мақсаты – әлемнің табиғи байлығын сақтау, таулы аймақтардың байырғы тұрғындарын қолдау, тау жоталарының проблемалары мен маңыздылығы жайлы халықты хабардар ету. 

Жалпы, таулар − жер бетіндегі жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатпарлы және жақпарлы құрылымды бөлік.

Әр ауылдың, елді мекеннің сол жердегі салыстырмалы биіктігіне қарай өз тауы, төбесі және белесі болады. Сол сияқты таулар жер шарының барлық құрлықтарында бар. Тіпті құрлықтық таулардың кейбірі өте биік болады. Солардың бірі, ең ұзын тау жүйесі – Анды болса, Непал мен Қытайдың Тибет автономиялы ауданы шекарасында жатқан Гималай тау жүйесіндегі Эверест шыңы жер бетіндегі ең биік тау болып саналады. Ол шың Қытай территориясының аумағында орналасқан.

БҰҰ-ның ресми мәліметтеріне сәйкес, таулы аймақтарда әлем халқының 15%-ы тұрады, ал әлемдегі өсімдіктер өсетін және жан-жануарлар мекендейтін аймақтардың жартысына жуығы тауларда жайғасқан. Адамзаттың жартысына жуығы таулардың бізге беретін әртүрлі ресурстарына тәуелді. Соның ішінде, климаттың өзгеруі, жердің деградациясы және осы аймақтардағы кез келген басқа жағымсыз өзгерістер соғұрлым қауіпті болуы мүмкін. 

Тау жыныстарына климаттың өзгеруі үлкен әсер етеді. Қазірдің өзінде көптеген адамдар су мен тамақтанудың жетіспеушілігін сезіне бастады. Бұдан бөлек, қарлы шыңдардың еруі қар көшкініне және аңғарлардың су басуына әкеледі. Сондай-ақ, таулы аймақтардың әрбір үшінші тұрғыны азық-түлік қауіпсіздігінің қаупін сезінеді.

Қазақстанның тау жүйелері оның аумағының едәуір бөлігін алып жатыр және рельефтердің алуан түрлілігімен, фауна мен флораның байлығымен ерекшеленеді. 

Әлемдегі ең биік таулар Гималай таулары болып есептеледі. Гималай тауының ұзындығы – 2400 шақырым, ал Гималай таулары Непал мен Қытай арасында орналасқан. Бұл таудың қытайлық жағында тибеттіліктер тұрады. Таудың ені 350 шақырымды құрайды. Тибет тіліндегі атауы "Джамолунгма" болса, ал ағылшынша атауы "Эверест" деп аталады. Ол шың Гималай тауларының ең биік нүктесі. Оның биіктігі – теңіз деңгейінен 8848 метр.

Сондай-ақ, Қазақстан, Қытай және Қырғызстанның мемлекеттік шекараларының түйіскен жерінде Қазақстанның ең биік нүктесі – Хан Тәңірі шыңы орналасқан. Оның биіктігі – теңіз деңгейінен  6995 метр. Хан-Тәңірі шыңы Қазақстан Республикасының Қырғызстанмен және Қытаймен шекарадағы ең жоғарғы нүктесі. Ол шың Орталық Тянь-Шань және Орталық Азияда, негізінен Қырғызстанда (батыс бөлігі) және Қытайда (шығыс бөлігі), жарым-жартылай Қазақстан мен Өзбекстанда орналасқан. Бұл жерде негізінен биік тау туризмі дамыған. Сонымен қатар, Хан-Тәңірі шыңына шығу – әлемнің көптеген альпинистерінің алдына қойған мақсаты. Шыңға 10-нан астам маршрут жүргізілген. Туристердің басым көпшілігі тікұшақты пайдалана отырып, Хан-Тәңірінің етегіндегі базалық лагерьге жетеді. 

Жалпы, бұл атаулы күн таулардың проблемалары мен қажеттіліктерін зерттеуге арналған. Өзінің арнайы қарарында, БҰҰ Бас Ассамблеясы халықаралық қауымдастықты таулы аймақтардың тұрақты даму маңыздылығын насихаттау мақсатында осы күні барлық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыруға шақырды.

Осыған орай, 11 желтоқсанда дүниежүзінің көптеген елдерінде түрлі дәрістер, жәрмеңкелер, семинарлар, шеберлік сабақтары және басқа да танымдық іс-шараларды ұйымдастыру игі дәстүрге айналған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу