Алматы облысы, Қаратоған ауылында 176 миллион теңгеге жүргізілген су құбырлары жарамсыз күйде қалған, деп хабарлайды Atameken Business.
Құрылыс компаниясы осы мекенде ауыз су мұнарасын салып, бірнеше шақырымға созылған құбырлар жүйесін жасаған. Жоба қолданысқа 2016 жылы берілуге тиіс болатын. Алайда жүйе істен шығып, тұтынушылар таза судан қағылған. Осыдан кейін жауапты органдар мердігердің үстінен қылмыстық іс қозғап, соттатқан. Бірақ кінәлі олар қазына алдындағы борышын өтемей жүр. Ауыл тұрғындары осы күнге дейін лас құдықтардан су тасуға мәжбүр. Олардың су жүргізу жүйесін жасақтау талаптарына әкімшілік жаңа тендер өткізуге уәде беріп келуде.