Өткен жылдың 9 айында Қазақстаннан 34,2 мың адам кеткен, ал Қазақстанға көшіп келгендер саны – 8 мың. Көшіп кеткендердің 23,6 мыңы, ал көшіп келгендердің 6,2 мыңы еңбекке қабілетті. Келгендердің 11,1 мыңы, кеткендердің 9,1 мыңы 16 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды ranking.kz.
Сонымен қатар елдің шекарасын қайта аттағандардың 0,7 мыңы, сыртқа кеткендердің 1,5 мыңы зейнеткер.
Бұл көрсеткіштерден Қазақстан тұрғындарының саны – 26,2 мың адамға азайғанын байқауға болады. Олардың 17,4 мыңы еңбекке қабілетті адамдар.
Көшіп келгендердің – 4,5 мыңы қазақр, 1,7 мыңы – орыср, 217 адам – қарақалпақ. Шетелге қоныс аударғандардың 25 мыңы – орыс, 2,4 мыңы – неміс, 2,3 мыңы – украин.
2019 жылдың 9 айында Қазақстан ішінде 825,9 мың адам көшіп-қонған.
Желтоқсан айының басында ел тұрғындарының саны 18,4 млн адамды құраған, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 1,3%-ға жоғары. Тұрғындардың 58,2%-ы қалада тұрса, 41,8%-ы ауылда тұрады.