Қазақстанда ерлердің саны басым, бірақ 50 жастан әрі қарай олардың саны біртіндеп кеми береді

1491

1 наурыздағы мәліметке қарағанда, елде 9,9 млн әйел бар. Былтырғыдан 1,2%-ға артық. Халық саны жыл сайын тұрақты 1,2% -1,3%-ға өсіп келеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі finprom.kz сайтына сілтеме беріп.

Қазақстанда ерлердің саны басым, бірақ 50 жастан әрі қарай олардың саны біртіндеп кеми береді

Әйелдер көп тұратын өңір Алматы (халықтың 54,2%-ы), Павлодар (52,5%) және Қостанай (52,4%) облыстары. Ал Түркістан және Қызылорда облыстарында ерлер саны басым. 

Жалпы халық саны бойынша әйелдер басым. Алайда 29 жасқа дейінгі жастар арасында ерлер басым. 30-49 жас аралығындағы әйелдер мен ерлер саны шамамен тең. 50 жастан ары қарай әйелдер үлесі біртіндеп арта береді. 85 жастан асқан жасқа қарай 72,1%-ға дейін көтеріледі. Әйелдер ұзақ жасайды деген қорытынды осыдан шыққан болуы мүмкін.

Жұмыспен қамтуға келетін болсақ, 2021 жылы елімізде жұмыспен қамтылған әйелдердің саны 4,3 млн болған. Көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 0,9%-ға артық.

Әйелдердің көпшілігі сауда және автожөндеу саласында жұмыс істейді. Содан кейін білім беру және агроөнеркәсіпткі кешенді атап өтуге болады. Осы салаларға жұмыспен қамтылған әйелдерінің 50,4%-ы тартылған.

Ерлердің көпшілігі 2021 жылы агроөнеркәсіптік кешен саласында жұмыс істеген. Жетекші салалардың үштігіне сауда және автожөндеу, сондай-ақ құрылыс кірді. ТОП-3 салаға барлық жұмыспен қамтылған ерлердің 39,5%-ы келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы жүзеге асырылып жатыр.

Бұл туралы премьер-министр баспасөз қызмтеті хабарлаған. Қазіргі уақытта қоғамдағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін көтермелеу және ілгерілету бөлігінде тұжырымдаманы және оған қатысты іс-шаралар жоспарын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу