2019 жылы көмірқышқыл газының ауаға таралуы азайған

1885

Nature Climate Change журналында осындай мәлімет жарияланды. 

2019 жылы көмірқышқыл газының ауаға таралуы азайған

СО2 газының азаюына әлемдегі көмір тұтынудың қысқаруы мен біртіндеп қазбалы отынның тиімді көздеріне көшу себеп болып отыр. 

2019 жылдың қорытындысы бойынша, қазбалы отынды жағудан бөлінген көмірқышқыл газының ауаға таралу деңгейі бар болғаны 0,6%-ға, яғни 36,8 млрд тоннаға дейін өскен. Ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 2,5%-ды құраған болатын. 

Эксетер университеті ғалымдарының айтуынша, АҚШ пен ЕО елдерінде көмірді тұтыну деңгейі 10%-ға  күрт төмендеп, Үндістан мен Қытай экономикаларының өсімі бәсеңдей түскен. Улы газдың азаюына себепші болған осы факторлар.

Көмірқышқыл газының 36,8 млрд тоннаға жетуі 2015 жылы Париж келісіміне қол қою кезіндегі зиянды қалдық мөлшерінен 4%-ға артық.

Айта кететін жайт, көмірқышқыл газының  50%-дан астамын әлемдік мұхит сулары мен топырақ сіңіріп алса, екінші жартысы жер атмосферасында қалады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу