5 газ құбыры және 1 газ тарату стансасы салынады – Қанат Бозымбаев

1249

2 магистральді газ құбырын салуға 60 млрд теңге бөлу ұсынылып отыр. Оның бірін Ақтөбе облысында салуға –30 млрд теңге, ал екіншісін Маңғыстау өңірінде салуға – 30 млрд теңге қарастыру қажет.

5 газ құбыры және 1 газ тарату стансасы салынады – Қанат Бозымбаев

Еліміздің аумағында 2 магистральді газ құбыры, 3 газ құбыры және 1 автоматтандырылған газ тарату стансасы салынады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2 магистральді газ құбырын салуға 60 млрд теңге бөлу ұсынылып отыр. Бірі – Ақтөбе облысы 30 млрд теңге, ал, екіншісі – Маңғыстау өңірі. Ол жаққа да шамамен 30 млрд теңге қарастыру қажет. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында газбен жабдықтау жүйесінің сенімділігі ұлғаяды. Айта кету керек, бір Маңғыстау облысының өзінде 130 мың тұрғын қосымша газбен қамтылады", – деді ол.

Сонымен қатар министр 3 газ құбырын және 1 автоматтандырылған газ тарату стансасын салуға қаржы бөлуді ұсынды. Оның жалпы сомасы 12,3 млрд теңгені құрайды.

"Соның ішінде Жамбыл облысында 3 жобаның жалпы сомасы 8,4 млрд теңгені құрайды. Жобалар жүзеге асқаннан кейін 175 мың адам газбен қамтылады. Қостанай облысында  – 1 жоба. Оның құны 3,9 млрд теңге. Нәтижесінде 9 мың адам газбен қамтылады. Жалпы айтқанда, бұл жобалар іске асса, осы өңірдегі 184 мың халық газбен қамтылады", – деді министр.

Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында газ тарату желілерін салуға 1,6 млрд теңге қажет екендігін айтты.

Бұл жоба 10 мың адамды көгілдір отынмен қамтымақ.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу