АДБ Қазақстанға арнап жаңа серіктестік бағдарламасын әзірлеп жатыр

1205

АДБ Қазақстанға арнап жаңа серіктестік бағдарламасын әзірлеп жатыр

Азия даму банкі (АДБ) 2017 жылы Қазақстан бойынша жаңа стратегиясын таныстыратын болады, деп мәлім етті Азиядағы өзара іс-қимыл және шаралары жөніндегі кеңестің V бизнес-форумы барысында АДБ-ның Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли.

"Бұл "Елдердің серіктестік бағдарламасы" деп аталады, біз жалпы шағын және орта бизнесті дамыту үшін ынмақтастықты, ШОБ-қа көмегімізді арттырғымыз келеді", – деп атап өтті

Стратегия бес жылға құрылған. Қазақстан 1994 жылы АДБ-ға қосылған кезеңнен бастап тәуелсіз және тәуелсіз емес қарыздар, сондай-ақ даму жобаларына кепіл ретінде 4,9 млрд доллардай қаржы алды. Бас кеңсесі Манилада орын тепкен АДБ-ның міндеті – инклюзивті экономикалық және экологиялық тұрақты даму мен аймақтық ықпалдастық арқылы Азия-Тынық мұхит аймағында кедейлік деңгейін төмендету болып табылады. АДБ 1995 жылы құрылды. Әлемнің 67 елі банктің акционері болып табылады. Олардың 48-і аталған аймақта жұмыс істейді. АДБ-ның 2015 жылғы көмек көлемі 27,2 млрд долларды құрады. Оның 10,7 млрд-ы – қосалқы қаржыландыру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу