Ұлттық жоспарды іске асыру туралы 2021 жылғы есепке сәйкес, "Әділ әлеуметтік саясат" жалпыұлттық басымдық бойынша 5 индикатордың төртеуі орындалған, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.
"Халықтың 40%-ы ең аз қамтамасыз етілген табыстардың үлесі" атты 2-стратегиялық көрсеткіште ғана мәселе туындады. Мұнда жоспарлы көрсеткіш халықтың жалпы табысының 23,42%-ын құрауға тиіс деп көрсетілген. Бірақ 22,3%-ына ғана қол жеткізілді. Түсініктемеде "пандемия мен карантиндік шектеу шаралары және еңбек нарығындағы экономикалық жағдайдың нашарлауы жұмыспен қамту саласында ауыр зардаптарға әкелгені" туралы айтылған.
Ресми деректерге сәйкес, елдегі тұрғын үй қолжетімді болып, үй шаруашылықтарының азық-түлік тауарларына арналған шығыстары жоспарланғаннан да аз болды (52,8%, жоспар – 53,1%).
Қазақстан "жұмыссыздық деңгейі" бойынша жоспар 5% деп көрсетілгенімен, еліміз 4,9%-ға жетті. Бұл барлық өңір бойынша алып қарағанда жоспарлы деңгейге қол жеткізілген көрсеткіш екенін атап өту керек.
Бәрінен бұрын Қазақстан "халықтың нақты ақшалай табыстарының өсуі" көрсеткішінде жоғары нәтиже көрсетті. Жоспарға сәйкес, 2019 жылдың деңгейіне қарағанда өсім 5%-ды құрауы тиіс болған. Бірақ іс жүзінде 8,5%-ға жетті. Яғни күтілгеннен де артық нәтиже деген сөз.
Жоспарлы көрсеткіштердің айтарлықтай артуы Қарағанды және Павлодар облыстарында, Астанада тіркелді.