Африкалық пілдерді зообақтар мен цирктерге сатуға тыйым салынды

1662

Женева қаласындағы халықаралық конференция Африкадағы төрт елдегі пілдерді басқа құрлықтарға сатуға тыйым салу туралы шешім қабылдады. 

Африкалық пілдерді зообақтар мен цирктерге сатуға тыйым салынды

Енді Зимбабве, Ботсвана, Намибия және ОАР-да піл экспорты жүзеге асырылмайтын болды. 

Жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктердің саудасы туралы  конвенцияға қол қойған елдер осы бастаманы қолдап отыр. Африкалық пілдер экспортына 87 делегат қарсылығын білдірсе, 29-ы қолдады. Ал 25 делегат дауыс беруден бас тартты. 
Құжат бойынша, Африкадағы ең ірі сүтқоректіні әсіресе Қытайға сату шектеледі. 

Бұл бастамаға Зимбабве мемлекеті қарсылығын білдірген. Ресми дерек бойынша, 2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін бұл елден Қытайға 108 піл жеткізілген. 

"Пілдер өте ақылды жануарлар. Тобынан ажыратылған піл өмір бойына соққы алып, тіпті ерте өліп кетуі мүмкін",– дейді Pro Wildlife өкілі Даниэла Фрайер. 

2016 жылы жарияланған зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жыл сайын браконьерлер 40 мыңға жуық пілді өлтіреді. Қазіргі таңда Африка құрлығында 400 мыңға жуық піл тіршілік етеді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу