АҚШ-тың ФҚЖ биылғы жылы алғаш рет базалық пайыздық мөлшерлемені жоғарлатты

1070

АҚШ-тың ФҚЖ биылғы жылы алғаш рет базалық пайыздық мөлшерлемені жоғарлатты

АҚШ-тың Федералдық қор жүйесі (ФҚЖ) 2016 жылы алғаш рет базалық пайыздық мөлшерлемені 0,25-0,5-тен 0,5-075 пайызға көтерді. Бұл туралы қаржы реттеушісіне сілтеме жасап Reuters хабарлайды.

Сонымен бірге ФҚЖ бұған дейін айтылып келгендей, 2017 жылы екі мәрте емес, базалық мөлшерлемені үш мәрте көтереді деп болжап отыр, деп жазады lenta.ru.

Федералдық қор 2016 жылы АҚШ-тың экономикасының өсімі бойынша болжамын қыркүйектегі 1,8 пайыздан 1,9 пайызға дейін жоғарлатты.  Инфляцияның болжамы 1,3 пайыздан 1,5 пайызға өсті. Жұмыссыздық деңгейі бойынша болжам 4,8 пайыздан 4,7 пайызға сырғыды.

"ФҚЖ  мөлшерлемелер жоғарлай беретінін нарыққа ұқтыруға тиіс.  Трамптың мәлімдеген саясаты (салықты төмендету және мемлекеттік шығыстарды арттыру) инфляцияның өсуіне алып келеді.  Ал онымен  алдын ала күресу қажет: инфляцияға қарсы шаралар тек жарты жылдан кейін ғана әсер ете бастайды. Демек, нарыққа алдын ала әрекет етуге дайын екенімізді айту керек. Басқа жол жоқ", – деді БКС компаниясының талдау бөлімінің басшысы Максим Шеин.

Оның болжамынша, мөлшерлемеге қатысты шешім мұнай бағасы барреліне  50 долларға дейін немесе одан да төмен түсіп кетуіне әкеп соғады.

ФҚЖ мөлшерлемені 2015 жылғы желтоқсандағы жылдық  0,25-0,5 пайыз деңгейінде сақтап тұрды. Сол кезде  2006  жылғы 29 маусымнан бері алғаш рет ол оны 0,25 пайызға көтерген болатын. Реттеуші бұл көрсеткішті 0-0,25 пайыздық (2008 жылғы желтоқсан) ең төменгі көрсеткішке жету үшін 2007-2008 жылдары төмендеткен еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу