Ақтау-Жаңаөзен жолындағы көлік апаты: 12 адам ауруханаға жатқызылды

1633

Жансақтау бөліміндегі 64 жастағы әйелдің жағдайы ауыр.

Ақтау-Жаңаөзен жолындағы көлік апаты: 12 адам ауруханаға жатқызылды

Ақтау-Жаңаөзен тас жолында апатқа ұшыраған 12 адам облыстық ауруханаға жеткізілді. 4 жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Ал қалғаны жарақаты ауыр болғандықтан емханаға жатқызылды, деп хабарлайды 24.kz.

Жансақтау бөліміндегі 64 жастағы әйелдің жағдайы ауыр, дейді дәрігерлер.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Жаңаөзен қаласынан Ақтауға бағыт алған шағын автобус аударылып, ішіндегі барлық жолаушы зардап шеккен болатын. Куәгерлердің айтуынша, Газель шағын автобусына қапталдаса келе жатқан жеңіл көлік соғылған. Қатты соққыдан жолаушылар көлігі аударылып, күл талқаны шыққан.

"Реанимация бөлімшесіндегі науқастың жағдайы қазіргі таңда ауыр, тұрақты. Керекті көмекті барынша алып жатыр. Дәрігерлер, травмотологтар қарады. Хирургтардың жіті бақылауында, бас ми жарақаты, кеуде қуыс жарақаттары бар. Миы шайқалуы, кеуде клеткасының жарақаты, қабырғаларының сынығы бар",– дейді облыстық аурухана хирургия орталығының жетекшісі Сағат Бітімов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу