Ақтаудағы туризм колледжінің студенттері кондитерлік өнімдерін саудаға шығарды

491

Маңғыстау туризм колледжінің студенттері ұн өнімдерін дайындауды қолға алды.  

Ақтаудағы туризм колледжінің студенттері кондитерлік өнімдерін саудаға шығарды Фото: gov.kz

"Аспаз, кондитер" мамандығы бойынша оқитын студенттер тоқаш, торт, құймақ сынды ұн өнімдерін пісіріп, сатылымға шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Сонымен қатар колледж туризм саласындағы мамандарды да дайындайды. Жыл сайын жастар айтулы қонақ үйлерде тәжірибеден өтеді.

"Маңғыстау туризм колледжі 2025 жылы халықаралық салалық аккредитациядан өтіп, әлемде сұранысқа ие мамандар даярлауды жоспарлап отыр. Орта арнаулы білім беру саласындағы тағы бір жаңалық - мектеп оқушыларын үш мамандық бойынша оқыту. 2023-2024 жылдары 10-11-сыныптарда оқитын 60 оқушы Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі мен Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің базасында автослесарь, газбен дәнекерлеуші, тігінші мамандықтарын меңгереді. Нәтижесінде, олар орта білім туралы аттестатпен бірге колледж аттестатына ие болады. Қазіргі таңда қажетті нормативтік-құқықтық құжаттар рәсімделіп, кәсіптік бағдар беру жұмыстары басталып кетті", – дейді Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлбану Қызылғұлова.

Енді колледждердердің оқу кабинеттерінің материалдық-техникалық базасын жоғары деңгейде жабдықтау қолға алынбақ. Бұл өз кезегінде оқушылардың жақсы білім мен тәрбие алуына септігін тигізеді. 

Маңғыстау облысында 26 колледж бар. Онда 21 мыңнан астам студент білім алады. Оның 67,5% мемлекеттік тапсырыс есебінен оқиды.

Қазіргі таңда колледждерде жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған бағдарламалар орындалып жатыр.

Мәселен, "Жас маман" жобасы аясында 35 арнайы пән оқытушысы мен 58 өндірістік оқыту шебері арнайы курстан өтті. Яғни, олар оқу шеберханасында заманауи құрылғымен жұмыс істеу бойынша тәжірибе жинақтады. Облыс колледждерінде 17 құзыреттілік орталық, 22 шеберхана, 11 зертхана ашылды.

Сондай-ақ, 2022 жылы демонстрациялық емтихан өтті. Осылайша оқу үдерісіне WorldSkills бағалау жүйесі 40 пайызға енгізілді. Биыл бұл көрсеткішті 80 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу