Ақтаулық оқушылар арамшөптен биопакет жасады

989

Ақтау қаласының 11-сынып оқушылары Асия Теджен мен Ернар Өмірзақ арамшөптен биопластик алу жолын тапты. Олар алғашқы өнім ретінде биопакет жасап та көрген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ақтаулық оқушылар арамшөптен биопакет жасады

Бұл жобаның ерекшелігі – экологиялық тұрғыдан таза өнім. Күнделікті тұрмыста қолданып жүрген полиэтилен пакеттердің жойылуына 100 жылдан аса уақыт қажет. Ал жаңа қаптар үш жылдың ішінде қарашірікке айналып кетеді екен. Егер қышқылдық ортаға түсер болса он минутта жойылады.

Зияткерлердің сөзінше, алғашында мектеп айналасындағы арамшөптерді кәдеге жарату қажеттігін байқаған. 

"Біз арамшөпті икемді ету үшін бірнеше қолжетімді қоспаларды қостық. Күнделікті тұрмыста қолданып жүрген крахмал, бояғыш, жағымсыз иісті жою үшін хош иіс қоспаларын да пайдаландық", – дейді Ернар Өмірзақ. 

Оқушылардың сөзіне сүйенсек, биопакеттің тығыздығын әртүрлі деңгейді жасауға болады. 

"Қазіргі пакетіміз 500 грамға дейін көтере алады және бірнеше түсте бар. Біздің есептеуіміз бойынша, технологияны автоматтандырған жағдайда бір өнімнің құны 30 теңгеге шығады. Алдағы уақытта жобамыздың авторлық құқығын қорғап, нарыққа шығарғымыз келеді", – дейді Асия Теджен. 

Зерттеушілер Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары. Олар қазір процессті автоматтандыру станогының механизмін дайындау үстінде. Сонымен қатар станокты жасауға техникалық көмек көрсетуге дайын команда іздеуде. 

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу