Ақтөбе облысында 18 меншік иелері бірлестігі құрылды

1080

Жаңа жүйеде тұрғындардың жұмсалған қаражаты ай сайын жарияланып отырмақ.

Ақтөбе облысында 18 меншік иелері бірлестігі құрылды

Ақтөбе облысы бойынша 18 меншік иелері бірлестігі құрылды. Ал қала бойынша 30 жай серіктестік тіркеу үшін құжат тапсырған. Қаладағы көппәтерлі тұрғын үй саны – 1820, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.   

Айта кетейік, "ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап қаладағы 96 пәтер иелері кооперативі мен  585 кондоминиум нысаны өз жұмысын тоқтатады. Тұрғындар олардың орнына басқарудың бұрынғыдай төрт емес екі түрінің біреуін таңдауы тиіс, олар: меншік иелері бірлестігі және қарапайым серіктестік. Мұның біріншісі заңды тұлға ретінде тіркелуді, екіншісі заңды тұлға ретінде тіркелмей, барлық меншік иесімен тікелей бірлесіп басқару формасы.

Әзірге үйлердің басқарудың мұндай түрлерінің артықшылығы айтылуда. Соның ішінде, олар "Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот" қағидасы бойынша ашықтықты қамтамасыз етеді, тұрғындар бұған дейінгідей емес, қайда, қанша қаражат жинайтынын және оның қалай жұмсалатынын біле алады делініп отыр. 

"Меншік иелері бірлестігі заңды тұлға болғандықтан әділет департаментінде тіркелуі керек. Ал жай серіктестік тұрғындардың 70 пайызының келісімімен Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясында тіркеледі. Қазіргі күні қала бойынша 18 меншік иелері бірлестігі құрылды. Олардың әрқайсысы банктен немесе пошта қызметі арқылы екі есепшот ашты. Олар — ағымдағы және жинақ есепшоттары. Енді олардан сервистік компаниялармен немесе жеке кәсіпкерліктермен, ЖШС-лармен келісімшарт жасау талап етіледі", - деп түсіндіреді қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі Ақнұр Қазбаева.

Жаңа талап бойынша, тұрғын үйлердің коммуалдық-шаруашылық жұмыстарын жасау, жөндеу үшін штатта адам ұсталмайды, ол үшін сервистік компаниялардың жұмысшыларын жалдайды. Ал меншік иелері бірлестігінің басшысы ай сайын тұрғындар алдында қаражаттың қайда жұмсалғаны туралы есеп беріп отырады. 
Қазіргі күні көпшілікті жинау үшін карантиннің кедергі келтіріп отырғанына қарамастан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізілуде екен.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу