Ақтөбеде үлескерлер сенімсіз құрылыс компанияларына 3,5 млрд теңгесін берген

435

Мұны Ақтөбе облыстық  құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы азаматтардың шағымдары мен өтініштеріне мониторинг жүргізу барысында  анықтаған. 

Ақтөбеде  үлескерлер сенімсіз құрылыс компанияларына 3,5 млрд теңгесін берген Фото: inbusiness.kz

Тұрғындардың көпшілігі баспаналы болу үшін қаражаттарын үлескер ретінде компанияларға сенім тапсырған. Бас-аяғы 600-ге тарта азаматтан  жиналған қаражат 3,5 млрд теңгені құраған. 

Шаһарда  мәселесі шешілмеген 11 нысан бар. Қазіргі таңда кейбірінің басшыларына қатысты қылмыстық істер қозғалған. 5 нысан бойынша іс сотқа берілсе, қалған объекттер бойынша тергеу жалғасып жатыр. 

"Зардап шеккен үлескерлер мен пайшыларға проблемалық компаниялардан аяқталмаған объектілері бар жер учаскелеріне құжаттарды қайта ресімдеу процессі жүріп жатыр. Тиісті құжаттарды рәсімдеу белгілі бір уақытты қажет етеді, өйткені барлық проблемалық нысандарда жеке және заңды тұлғалардың ауырпалықтары бар. Бүгінгі таңда 3 проблемалы құрылыс компанияларының 6 объектісінің құрылысын аяқтау үшін инвесторлар тартылды,- деді Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы Нағымжан Алдияров. 

Жосықсыз құрылыс салушылардың құрбаны болмау үшін не істеу керек? Жауапты мекемдегілер  ең бастысы, тұрғын үйді сатып алмас бұрын, құрылыс салушының үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты бар екеніне көз жеткізу керектігін ескертеді.  Ол болмаған жағдайда  құрылыс салушының құрылыс кезеңінде алдын ала шарттар, брондау, инвестициялау шарттарын және т. б. шарттар жасасу арқылы қаражат тарту заңсыз болып есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу