Алдымен киберқауіпсіздікті алға қоюға тиіспіз - Лиам Максвелл

1016

Алдымен киберқауіпсіздікті алға қоюға тиіспіз  - Лиам Максвелл

Мемлекеттердің өзі ұлттық маңызы бар мәліметтерді қорғауға кепілдік бере алмай отырған заманда киберқылмыстар легін қалай бөгеуге болады? ХІ Астана экономикалық форумында Ұлыбритания үкіметінің технология мәселелері бойынша кеңесшісі Лиам Максвелл осы жайлы кеңірек айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Киберқауіпсіздік мәселесі өте маңызды. Заман күн сайын өзгеруде. Ұлыбритания қазіргі таңда технологияға аса тәуелді мемлекетке айналды. Біздің экономиканың жартысы - цифрлық жүйеде. Технологияның әсері экономиканың өзінен гөрі екі есеге өсіп келеді. Яғни, технологиялар - біздің елдің байлығының фундаменталды бөлігі. Қазір осы себепті технологиялар мен цифрлық экономика бізге қаншалықты артықшылық беріп жатқаны зерттеу үстіндеміз. Менің ойымша, бұл факторды ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан қарастыруымыз керек. Біз онлайн-бизнесті іске асыру үшін ең қолайлы орынға айналуды көздеудеміз", - деді Лиам Максвелл.

Оның айтуынша, осы арқылы Ұлыбритания экономиканың барлық саласына жайлы жағдайды жасауда.

"Киберқауіпсіздікке баса назар аударып отырғанымызды мына мысалдармен келтірейін. Біздің елде киберқауіпсіздік бойынша ұлттық орталық бар. Бұл орталықтың негізгі функциясы - экономиканың барлық саласын реттеу болып табылады. Егер біз онлайн-бизнесті іске асырғымыз келсе, ең алдымен қауіпсіздікті алға қоюға тиіспіз. Орталық бізге әртүрлі кибертехникалардың адамдар мен техникалар, бизнесті гүлдендіруге мүмкіндік беретін кеңістікті құруға көмектеседі. Бұл өте маңызды. Біз орталыққа қатысты жобаларға инвестицияны аямаймыз", - деді Лиам Максвелл.

Ұлыбритания өкілінің айтуынша, ол елдегі цифрландыру саласының жарғысында цифрлық компаниялардың жұмысына баса мән берілген.

"Бізде интернет еркін. Елімізде жеке емес, жаһандық интернеттің болғанын қалаймыз. Бұл - цифрландыру жарғысының бір компоненті болып табылады. Біз интернет либералдық еуропалық қоғамның негізгі компоненті деп білеміз", - деп түйді Максвелл.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу