Әлемде алғаш рет пиццаны жеткізуге дрон пайдаланылды

943

Әлемде алғаш рет пиццаны жеткізуге дрон пайдаланылды

Жаңа Зеландиядағы Domino's Pizza пиццериялар желісі әлемде алғаш рет пиццаны клиентке дронның көмегімен әуе арқылы сәтті жеткізді, хабарлайды Маshable ақпарат көзіне сілтеме жасап 24 Хабар.

Тапсырысты орындауға жергілікті азаматтық авиацияның құзырлы органы ресми рұқсатын беріпті. Жалпы жұрттың сүйіп жейтін тағамына айналған бұл асты жеткізу үшін аталған желі мен стартап Flirtey күш біріктірген. Бұл стартап дрондардың көмегімен шағын жүк тасымалдаумен айналысады. Енді Domino's Pizza осы қызмет түрін Аустралия, Бельгия, Франция, Нидерланды, Жапония мен Германия жерінде көрсетуді көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу